Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада ерекше балаларды әлеуметтендіру және жастарды қолдау шаралары күшейтілуде

Астанада ерекше балаларды әлеуметтендіру және жастарды қолдау шаралары күшейтілуде
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Онда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау, мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік бейімдеу және жастар арасындағы қауіпсіздік мәселелері қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қала әкімінің орынбасары Есет Байкеннің төрағалығымен өткен жиынға аудан әкімдерінің орынбасарлары, басқарма басшылары, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылар қатысты.  Бүгінде Астанада 38 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам тұрады, оның ішінде 27 мыңы – ересектер, 10 мыңнан астамы – балалар. Қалада ерекше жандарға жан-жақты қолдау көрсетіледі: 2025 жылы бұл мақсатқа 29 мыңнан астам арнайы құрал-жабдықтар мен қызмет түрлері ұсынылды.  

Жыл басынан бері Мансап орталығына 535 мүмкіндігі шектеулі жас жұмысқа орналасу үшін жүгінген. Оның 185-і әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды. Нәтижесінде 7 жас тұрақты жұмысқа тұрды, 122 жас қоғамдық жұмыстарға жіберілді, 37 жас «Бастау Бизнес» бағдарламасы аясында оқуын бастап, 3 жас жаңа бизнес-идеяға грант иегері атанды.  Соңғы жылдары инватакси паркі үш еседен аса ұлғайып, бүгінде 129 көлік қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, қалада 11 әлеуметтік мекеме және бірқатар ҮЕҰ мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынады. 2025 жылы мұндай қызметпен 7 800-ден астам адам қамтылған.  Отырыста кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы қауіпсіздік шаралары да қаралды. Комиссия мүшелері балалардың құқықтарын қорғау саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту қажеттігін атап өтті.  

«Жиын қорытындысы бойынша халықтың осал топтарын қолдауға бағытталған қосымша шаралар әзірлеу және іске асыру жөнінде уәкілетті органдарға нақты тапсырмалар берілді», – деді комиссия төрағасының орынбасары Назгүл Мақжан.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті