Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы VII республикалық спартакиаданың жабылу салтанаты өтті

ШҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы VII республикалық спартакиаданың жабылу салтанаты өтті
Фото: ШҚО әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Өскемен қаласындағы Үстел теннисі орталығында өткен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы VII республикалық спартакиаданың жабылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Сіздерді мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы VII республикалық спартакиаданың жабылуымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл – жай ғана спорттық шара емес, бұл – рухтың мықтылығының, жігердің және баршаға тең мүмкіндіктердің көрінісі. Биылғы спартакиада еліміздің бес өңірінде – Астана мен Алматы қалаларында, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Ақмола облыстарында өтті. Жарыс бағдарламасына 17 спорт түрі енгізіліп, соның ішінде паравелоспорт пен паратеннис алғаш рет ШҚО-да ұйымдастырылды.

Біздің өңірдің осындай маңызды ұлттық спорттық оқиғаның бір бөлігі болғанына қуаныштымыз. Әкімдік атынан ұйымдастырушыларға, бапкерлерге, төрешілерге, еріктілерге және, әрине, спортшыларға лайықты қатысқандары, әділ күрестері мен қоғамға рухани жігер сыйлағандары үшін алғысымды білдіремін.

Әрбір қатысушы тек медаль ғана емес, сонымен қатар жаңа күш, тәжірибе мен өзіне деген сенім алып кетсін. Сіздерге сәттілік, мықты денсаулық және жаңа жеңістер тілеймін!" – деді облыс әкімі.

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысында 311 708 адам спорт және дене шынықтырумен айналысады, оның ішінде 4053 адам – мүмкіндігі шектеулі жандар, соның 1677-сі – балалар. Облыста барлығы 1628 спорттық инфрақұрылым нысаны, 35 спорт мекемесі жұмыс істейді.

Олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубы, олимпиадалық резервті даярлау орталығы, жоғары спорт шеберлігі мектептері, дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері, дарынды спортшы балаларға арналған олимпиадалық резервтің арнайы мектеп-интернат-колледжі және балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері бар.

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті