Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БҚО-да гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша шаралар талқыланды

БҚО-да гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша шаралар талқыланды
Фото: БҚО әкімдігі

«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» халықаралық науқаны жыл сайын Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен өтуде, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі БҚО әкімдігіне сілтеме жасап.

Бүгін 16 күнге созылған акция «Заң мен тәртіп» идеологемасы негізінде «Адал азамат - қоғам тірегі» атты дөңгелек үстел отырысымен қорытындыланды.

Шараның спикерлері Батыс Қазақстан облысы прокурорының аға көмекшісі  Ш.Әлібекова, Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы, полиция майоры Д.Сатарова, «Stop Bullying» Қоғамдық бірлестігінің  құрылтайшысы төрағасының орынбасары, Батыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның мүшесі А.Сабуровалар өз салалары бойынша атқарылып жатырған жұмыстарын баяндады.

Ал, Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Г.Шукеева, Білім және менеджмент институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Ә.Тасмағамбетов, «Қазақстанның Әкелері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша құрылтайшысы С.Ихсанов, «Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан Халықаралық Бюросы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының басшысы П.Кочетков, облыстық Аналар кеңесінің мүшесі, ардагер ұстаз Т.Сейтақовалар бала тәрбиесі, отбасылық құндылықтарды сақтау бағытында сөз қозғады.

Қатысушылар бүгінгі бәсекеге қабілетті талап еткен қоғамда жас ұрпақты сол қоғам мүддесіне сай, елін, жерін қорғайтын ұлтжанды, адал азамат етіп тәрбиелеу қажеттігін атап өтті.

Шара соңында қатысушылар ой бөлісіп, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады