Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанадағы сауда орталығында гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы акция өтті

Астанадағы сауда орталығында гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы акция өтті
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елімізде басталған «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» республикалық акциясы аясында елорданың «Хан Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Акцияның мақсаты – тұрмыстық және гендерлік зорлық-зомбылық проблемалары туралы халықтың хабардарлығын арттыру, сондай-ақ полиция, мемлекеттік органдар және қоғам өкілдері арасындағы өзара іс-қимылды нығайту. Мамандар келушілерге кеңес беріп, заңнама нормаларын түсіндірді. Сонымен қатар, зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған интерактивті алаңдар мен ақпараттық материалдар ұсынылды. Мұнда қиын өмірлік жағдайда қалған әйелдер көмек ала алатын дағдарыс орталықтарының өкілдері де жұмыс істеді.Нұра аудандық полиция басқармасының Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Әсия Әлкееваның айтуынша, бұл проблема әлі де өзекті болып отыр.

«102 нөміріне шағымдар күн сайын түседі. Көп жағдайда әйелдер күйеулерінің агрессивті әрекеттерінен қорғауды сұрайды. Әкімшілік те, қылмыстық та құқықбұзушылықтар кездеседі. Жиі себеп – алкогольді шамадан тыс пайдалану мен балалардың көзінше болатын жанжалдар. Сондықтан тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін қоғамның назарын аударуға тырысып жатырмыз», – деді ол.

Айта кетейік, акция еліміздің барлық өңірінде өткізіліп жатыр. Оның мақсаты – зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерді қолдауды күшейту және оның алдын алудың маңыздылығына қоғам назарын аудару.Жергілікті тұрғындар бастаманы қолдады.

«Менің ойымша, әйел адам өзiн және баласын қорғай алмайтын жағдай – ең ауыр әрі маңызды мәселе. Қуантатыны, мұқтаж жандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік жобалар мен полиция бастамаларының көбейіп келе жатқаны», – деді астаналық тұрғын Элиф. 


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті