Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Петропавлда криминалдық полиция қызметкерлері қос қылмысты әшкереледі

Петропавлда криминалдық полиция қызметкерлері қос қылмысты әшкереледі
Фото: Polisia.kz

Петропавлда криминалдық полиция қызметкерлері қос қылмысты әшкереледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері 4 желтоқсан күні таңғы сағат 05:00 шамасында "Галактика" сауда үйінде болған өрттің мән-жайын тексерді. Алғашқы болжамда электр сымдарының қысқа тұйықталуы қарастырылғанымен, өрттен ең көп зардап шеккен нысан зергерлік шеберхана болғаны назарға алынды. Тәртіп сақшылары сауда үйінің маңындағы бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап, өртке дейін біраз уақыт бұрын сол маңда болған және бос сауда павильонына бірдеңе жасырып кеткен күдікті адамды анықтады. Павильонды тексеру барысында полицейлер оның ішінен құны 1 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымдар салынған түйіншекті тапты. Осылайша ұрлық фактісі белгілі болды.

Тексеру нәтижесі сауда үйіне қасақана өрт қою әрекетін растады. Бейнежазбалар ерте уақытқа қарамастан оқиға орнында жүрген куәгерлерді анықтауға да көмектесті. Тергеу нұсқасы бойынша, олардың болуына байланысты күдікті өрт қойғаннан кейін ұрланған бағалы заттарды бірден алып кетуге тәуекел етпеген. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде ұрлық және бөтеннің мүлкін қасақана жойды деген күдікке ілінген 32 жастағы петропавлдық ұсталып, қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері Заң мен тәртіпті нығайту мақсатында бейнебақылау жүйелерінің мүмкіндіктерін белсенді пайдаланады және кәсіпкерлерге өз нысандарын бейнебақылаумен қамтамасыз етуді қатаң ұсынады. Жыл басынан бері облыста бейнекамералардың көмегімен 800-ге жуық қылмыс ашылды, оның 208-і – ұрлық.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті