Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды

Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көлік-транзит саласын дамыту және цифрландыру туралы мәселе қаралды. Онда ҚР қаржы министрі Мәди Такиев Кедендік әкімшілендіру саласында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндама жасады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қаржы министрлігі, көлік-транзит саласын дамыту аясында, кедендік әкімшілендіруді цифрландыру мен өткізу пункттерін жаңғырту бойынша кешенді жұмыс атқаруда. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға бағытталып, шекарада ашық және өнімділігі жоғары жүйені қалыптастырады. Біріншіден, Кедендік әкімшілендіруді цифрландыру бойынша, бірыңғай Keden платформасына көшу жұмыстары аяқталып жатыр. Ол қолданыстағы үш жүйенің орнына, негізгі рәсімдерді автоматтандыруды қамтамасыз етеді», — деді ол.

Осы орайда, кедендік транзит, интеграцияланған бақылау және алдын-ала хабарлау сияқты 20 модульдің 16-сы қосылды, оның ішінде:

– транзиттік декларациялардың едәуір бөлігі автоматты түрге шығарылды;

– рәсімдеу уақыты қысқартылды, мысалы, транзит — 30 минуттан 10 минутқа дейін, контейнерлік пойыз 3 сағаттан 30 минутқа дейін;

– «бір терезе» қағидаты бойынша Ауыл шаруашылығы, Денсаудық сақтау және Көлік министрліктерінің қызмет түрлері интеграцияланды;

– электрондық кезек ретке келтірілді: соның ішінде дұрыс емес брондау жойылды, VIN-кодтар бойынша бақылау күшейтілді, тез бұзылатын тауарларға, қауіпті жүктер мен жануарларға,  сондай-ақ еліміздің экспорты үшін, жекелеген слоттар бөлінді;

– сервистер төрт тілге аударылды және «WeChat» мессенджерімен интеграцияланды;

– Қытай және Өзбекстанмен цифрлық өзара іс-қимылды дамыту жұмыстары жүргізілді, оның ішінде инспекциялық тексеріп-қарау суреттерін өзара тану және «жіксіз транзит» элементтерін енгізу жұмыстары атқарылды;

– инспекциялық тексеріп-қарау суреттерін автоматты түрде талдау және сәйкес келмейтіндерді айқындау үшін жасанды интеллект элементтері енгізілді. Бұл рәсімдердің тиімділігі мен ашықтығын арттырады, адами фактордың араласу тәуекелдерін азайтуды қамтамасыз етеді.

«Екіншіден, кедендік инфрақұрылымды жаңғырту бойынша бүгінгі күні, 9 өткізу пунктінде жаңарту жұмыстары аяқталуда, оның ішінде 4 өткізу пункті пайдалануға берілді. Осы жұмада "Қазығұрт" және "Темір баба", ал 25 желтоқсанда "Тәжен", "Майқапшағай", "Бақты" өткізу пункттері іске қосылады. Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмасы толық орындалатын болады. Бұдан басқа Өзбекстанмен шекарадағы "Жібек Жолы" жолаушылар өткізу пунктіне реконструкциялау жүргізілуде. Тәулігіне – 70 мың адамға дейін және 2 мың көлікке дейін ұлғаяды деп күтілуде. "Нұр Жолы" өткізу пунктін, тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстыру пилоттық жобасы енгізілді. Нәтижесінде автокөлік ағыны 2 есе өсіп, тәулігіне 1 800 көлікті құрап, 453 мың көлікке жетті. Жалпы келесі жылдан бастап өткізу қабілетін 6 есеге көтеріп,  5 млн-ға дейін көлік құралын өткізуді күтудеміз», — деді Мәди Такиев.

Министр кедендік түсімдер бойынша арнайы тоқталды. Жүргізіліп жатқан жұмыстар тікелей фискалдық әсерді қамтамасыз ететінін айты. Осы жылдың 11 айында кедендік төлемдер түсімі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16% өсіп, 566 млрд теңгені құраған. Логистикалық операцияларды көлік-логистикалық орталықтарға және уақытша сақтау қоймаларына көшіру нәтижесінде, көліктің өту уақыты 9 сағаттан 30 минутқа дейін қысқартылған.

«Бүгінгі күні, Қытаймен шекарада үш көлік-логистикалық орталық және жеке инвесторлармен бірлесіп 3 автохаб іске қосылды. Осындай объектілер "Б. Қонысбаев" және "Бақты" өткізу пунктерінде де ашылды. Сондай-ақ, "Нұр Жолында" ірі көлемді көлік үшін уақытша сақтау қоймалары жұмыс істеп тұр. "Атамекен" мен "Қазығұртта" 2 жаңа уақытша сақтау қоймасын ашу жоспарлануда. Жаңғыртудың түрақты жұмысы мен шекарадан өту сапасын арттыру үшін, келесі мәселелер ашық қалып отыр: біріншіден, электрондық кезек пен цифрлық сервистердің үздіксіз жұмыс істеуіне тікелей әсер ететін шекара маңындағы аудандардағы байланыс сапасы; екіншіден, жүргізушілер үшін жол және сервистік инфрақұрылымның шектеулі болуы; үшіншіден, Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі және сыртқы шекараларында жұмыс істейтін мамандардың жасақталуы мен еңбек жағдайына қатысты мәселелер. Аталған бағыттар бойынша жұмыстар тұрақты бақылауда және одан әрі жалғасатын болады», — деді қаржы министрі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті