Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу облысында ойын-сауық орталығын өртеген азаматқа сот үкімі шықты

Жетісу облысында ойын-сауық орталығын өртеген азаматқа сот үкімі шықты
Фото: pixabay.com

Жетісу облысында ойын-сауық орталығын өртеген азаматқа сот үкімі шықты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Панфилов ауданында мүлікті қасақана жою фактісі бойынша қозғалған резонанстық іске нүкте қойылды. Сот 25 жастағы азаматты Жаркент қаласындағы ойын-сауық орталығы ғимаратын өртегені үшін кінәлі деп танып, оған сегіз жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Келтірілген материалдық шығын 81 миллион теңгеден асты.

Тергеу барысында анықталғандай, түнгі уақытта айыпталушы компьютерлік клубтардың бірінде клуб оператормен бірге алкогольдік сусын ішкен. Мас күйінде араларында жанжал туындап, айыпталушы мүлікті сындырып, жабдықтарды бүлдіріп, соңында ғимаратқа өрт қойған. Оқиға орнын тастап кеткенімен, төтенше жағдай салдарынан ғимарат пен техниканың басым бөлігі зақымданды.

Сот істің барлық мән-жайын ескере отырып, айыпталушыға ҚАЖ мекемесінде өтеу үшін сегіз жыл жаза тағайындап, келтірілген шығынды өтеу міндетін жүктеді. Бұл оқиға — бір сәттік ашудың ауыр жауапкершілікке, ұзақ жыл бойғы өкінішке және үлкен қаржылық шығынға алып келетінін еске салатын маңызды сабақ.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады