Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі: Оралда инклюзивті заманауи спорт кешені ашылды

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі: Оралда инклюзивті заманауи спорт кешені ашылды
Фото: БҚО әкімдігі

Бүгін Орал қаласында жаңа заманауи спорт кешені ел игілігіне берілді. Жобаны жүзеге асыруға Freedom Holding Corp компаниясы қолдау көрсетті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Салтанатты ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев пен Freedom Holding Corp компаниясының басшысы Тимур Турлов қатысып, бұл әлеуметтік бастаманың маңыздылығына тоқталды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде: «Кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі де, жергілікті қауымдастықтармен ұзақ мерзімге арналған серіктестік қатынас орнатуға деген құлшынысы да зор. Бұл – қуанарлық жағдай. Мемлекет пен бизнестің ықпалдастығы арқылы көптеген әлеуметтік мәселе шешімін тауып жатыр», – деп атап өткен еді. Біздің бүгінгі жаңа спорт нысанының ашылуы да Президент сөзінің жарқын көрінісі, айқын дәлелінің бірі дер едім. Бұл нысан – инклюзивті қоғам құруға бағытталған нақты қадам, мемлекетіміздің әлеуметтік жауапкершілігінің жемісі – деді облыс әкімі.

Ғимараттың жалпы аумағы – 2 025 шаршы метр. Нысанда спорттық ойындарға арналған жаттығу залдары, күрес және үстел теннисіне арналған арнайы орындар бар. Сонымен қатар жалпы және арнайы дене дайындығына арналған заманауи спорттық құрал-жабдықтармен толық қамтылған.

Жаңа кешенде спорттың 20 түрінен 250-ден астам спортшы жаттығады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді