Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда жаңа шағын өнеркәсіп паркі салынады

Алматыда жаңа шағын өнеркәсіп паркі салынады
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Алматы» ӘКК» АҚ еншілес ұйымы «Almaty Finance» ЖШС Алматының Индустриялық аймағында жаңа шағын өнеркәсіп паркін салу үшін несие желісін ашты. Бұл туралы «Алматы» ӘКК-нің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба «Almaty Business – 2025» өңірлік бағдарламасы аясында қаржыландырылды. Несиелік желінің жылдық сомасы 6 пайыздық мөлшерлемемен 500 млн теңге. Жобаны «Капстройгрупп-Т» ЖШС жүзеге асырады. Компанияның жеке инвестиция көлемі 700 млн теңге. Жобаның жалпы құны – 1,2 млрд теңге.

Жаңа шағын өнеркәсіп паркі ауданы 1 гектар болатын жер телімінде салынады. Жоба аясында жалпы ауданы 8 927 шаршы метр болатын үш өндірістік және бір әкімшілік ғимарат бой көтереді, оның 7 588 шаршы метрі жалға беріледі. Өнеркәсіп парктің аумағында 8-ден 10-ға дейін шағын және орта бизнес нысандары болады, бұл шамамен 150 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

«Шағын өнеркәсіп парктерін дамыту арқасында кәсіпкерлер бастапқы шығынсыз заманауи өндіріс орындарын құра алады. Мұндай ғимараттарды жалға алу құны бір шаршы метріне 2 350 теңгеге дейін беріледі, бұл сома ШОБ үшін қолжетімді. Алматы аумағында 30-дан астам шағын өнеркәсіп паркі жұмыс істейді, оның 15-ін «Almaty Finance» қаржыландырды», - деді «Almaty Finance» ЖШС басқарма төрағасы Ерлан Егембердиев.

Қазіргі кезде нысан 43% дайын. Өндірістік ғимараттардың қаңқалық және әкімшілік ғимараттың көпқабатты бетон құрылымының құрылысы бітті.

Шағын өнеркәсіп паркінің құрылысын 2026 жылы 2 тоқсанда аяқтау жоспарланып отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті