Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2025 жылы Алматыда бизнесті қолдауға 70 млрд теңге бөлінді

2025 жылы Алматыда бизнесті қолдауға 70 млрд теңге бөлінді
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

2025 жылы Алматыда бизнесті субсидиялау, кепілдендіру және несиелеуге бюджеттен 70 млрд теңге бағытталды. Оның ішінде жергілікті бюджеттен – 52,8 млрд теңге, республикалық бюджеттен – 17,2 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Алматының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2025 жылдың 1 наурызына дейін жалпы несие сомасы 18,8 млрд теңге болатын 197 жоба қолдау тапты. Бірыңғай кешенді бағдарлама аясында субсидиялау және кепілдендіру құралдары арқылы 16,6 млрд теңгеге 135 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде субсидиялау үшін 30 млрд теңге бағытталып, 100 жоба 14,8 млрд теңгеге қолдау алды.

Кепілдендіру құралына бөлінген қаржы көлемі 1,6 млрд теңге болды, 35 жоба – 1,8 млрд теңгеге қаржыландырылды. Гранттарға 200 млн теңге бөлініп, байқау 2025 жылдың соңына дейін өткізіледі.

Жалпы алғанда, 2025 жылы субсидиялау және кепілдендіру құралдары арқылы Бірыңғай кешенді бағдарламаның бюджеті 31,8 млрд теңге болды.

«Алматы Бизнес – 2025» өңірлік бағдарламасы аясында биыл бұрынғы кезеңнің револьверлік қаражаттары есебінен жобалар қаржыландырылуда. Жалпы несие сомасы 0,3 млрд теңге болатын 8 жоба қаржыландырылды.

Сондай-ақ, «Даму» қорымен бірлесіп, Jana Business өңірлік бағдарламасы аясында 100 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несиелер беріледі. Оның ішінде шағын өнеркәсіптік парктер үшін – 500 млн теңгеге дейін, несие мерзімі – 7 жылға дейін, пайыздық мөлшерлеме – 7%.

Сауда операцияларының тиімділігін арттыру мақсатында Jana Business бағдарламасы жылдық 9,5% мөлшерлемемен факторингтік мәмілелерді қаржыландыру мүмкіндігін қарастырады. Jana Business бағдарламасы аясында жыл басынан бері жалпы сомасы 1,9 млрд теңге болатын 54 жобаға қолдау көрсетілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді