Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Almaty Business – 2025» бағдарламасы аясында 38,3 млрд теңгеге 750-ден астам жоба қаржыландырылды

«Almaty Business – 2025» бағдарламасы аясында 38,3 млрд теңгеге 750-ден астам жоба қаржыландырылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Алматы» ӘКК» АҚ еншілес компаниялары «Almaty Business – 2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы шеңберінде 4,7 млрд теңге сомасына 44 жобаны қаржыландырды, бұл 320 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өнеркәсіптік өндіріс, қайта өңдеу, медицина, білім беру, туризм, креативті экономика, Спорт және әлеуметтік кәсіпкерлік салаларындағы кәсіпкерлер қаржылай қолдау алды. Бағдарлама 2019 жылы іске қосылған сәттен бастап 2025 жылдың шілдесіне дейін жалпы сомасы 38,3 млрд теңгеге 750 жоба қаржыландырылды.

Қарыздардың ең көп бөлігі өндіріс және қайта өңдеу (45%), әлеуметтік кәсіпкерлік (21%), туризм (17%), денсаулық сақтау (11%), креативті индустрия (6%) және шағын өнеркәсіп парктерін салу (1%) салаларындағы кәсіпорындарға берілді. Аумақтық бөлу бойынша көшбасшылар Бостандық ауданы — 147 қаржыландырылған бастама, Алатау ауданы — 119, Алмалы ауданы — 87, Әуезов ауданы — 84, Медеу ауданы — 83, Наурызбай ауданы — 65, Түрксіб ауданы — 53 және Жетісу ауданы — 50 болды. Жобаларды іске асыру нәтижесінде 5 276 жаңа жұмыс орны құрылды.

«Almaty Finance» басқарма төрағасы Берік Құсайыновтың айтуынша, револьверлік-қайтару тетіктің арқасында бюджеттен бөлінген 25,6 млрд теңге жалпы сомасы 38,3 млрд теңгеге бизнесті жеңілдетілген қаржыландыруды қамтамасыз етті. Бағдарлама өз жұмысын жалғастыруда және Алматы кәсіпкерлерін қолдаудың тиімді құралы болып қала береді.

«Almaty Business – 2025» шеңберінде қаржыландыруға өнеркәсіптік, инновациялық, экспортқа бағдарланған бастамалар, креативті индустриялар, әлеуметтік кәсіпкерлік, шағын өндірістік бизнес жобалары, сондай-ақ АЭА және индустриялық аймақ аумағындағы бизнес-бастамалар жатады.

 

Анықтама:

«Almaty Business – 2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасын Алматы қаласының мәслихаты 2019 жылы бекітті. Бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі шағын және орта бизнес субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру болды. Осы мақсатты іске асыру үшін «Алматы» ӘКК — нің еншілес компаниялары – «Almaty Finance» және «Almaty» микроқаржы ұйымы құрылды, олар бүгінде бизнесті бастау, дамыту және қолдау үшін жеңілдікті қарыздар ұсынады.

Қаржыландыру жылдық 2% және 6% мөлшерлемелер бойынша 7 жылға дейін жүзеге асырылады. 2% мөлшерлеме азаматтардың әлеуметтік осал санаттарының — көп балалы және аз қамтылған отбасылардың, I және II топтағы мүгедектердің, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың, сондай-ақ шағын өнеркәсіп парктерінің резиденттерінің жобаларына қолданылады. 6% мөлшерлеме Алматыда тіркелген және жұмыс істейтін жаңадан бастаушылар мен жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілері үшін беріледі. Қарыздың ең жоғары сомасы «Almaty Finance»-та 500 млн теңгені және «Almaty»МҚҰ-да 78,64 млн теңгені құрайды. Алынған қаражатты кәсіпкерлер жабдықты, шикізатты сатып алуға, айналым қаражатын толықтыруға және басқа да бизнес-мақсаттарға жұмсайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті