Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркияға шамамен 227 мың тонна қазақстандық жасымық экспортталды

Түркияға шамамен 227 мың тонна қазақстандық жасымық экспортталды
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Мерсин қаласында өткен AgroFood Summit 2025 аграрлық конференциясы аясында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ мен Түрік астық басқармасы (ТМО) өкілдері арасында ауыл шаруашылығы саласындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға бағытталған келіссөздер өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркия жасымық импортында жетекші орын алып отыр. 2024 жылы елге 141 мың тонна жасымық жеткізілсе, 2025 жылдың алғашқы тоғыз айында бұл көрсеткіш 226,8 мың тоннаға дейін өсті. Кездесу барысында тараптар қазақстандық жасымықтың жоғары сапасы, тұрақты жеткізілімдері және тиімді логистикалық тізбектері оның сұранысын арттырып отырғанын атап өтті.

«Қазақстан егіс алаңдарын әртараптандыру бағытын жүйелі түрде жалғастыруда, және оның нақты нәтижелері бүгінде айқын байқалады. 2025 жылы дәнді-бұршақ дақылдарының жалпы өнімі алғаш рет 1 млн тоннадан асып, оның 80 пайызы жасымық болды. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ТМО сұранысына сәйкес ұзақ мерзімді келісімдер аясында азықтық бидайды, дәнді-бұршақ және майлы дақылдардың кең сұрыпталымын жеткізуге әзір», – деді корпорация төрағасының бірінші орынбасары Ильдар Исмагулов.

Келіссөздер барысында тараптар қорларды басқару, нарықты реттеу, сатып алу кампанияларын жүргізу және экспорттық жеткізілімдерді ұйымдастыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.

Түрік мемлекеттік астық басқармасы (ТМО) Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қызметіне ұқсас функцияларды орындайды. ТМО астық өндірісін қаржыландырумен, мемлекеттік резервке бидай сатып алумен және ішкі нарықта тұрақты бағаны ұстап тұрумен айналысады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті