Қыс маусымы басталғалы елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Өткен түні коммуналдық қызмет өкілдері 701 рейспен 11 572 текше метр қарды қала сыртына шығарды.14 қараша күні күндізгі ауысымда қар күреу жұмысына шамамен 3 000 жол жұмысшысы мен 1 178 арнайы техника жұмылдырылды.Коммуналдық қызмет жұмысының негізгі бағыттарының бірі – көктайғақтың алдын алу шаралары. Қала тұрғындарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жолдар мен тротуарларға техникалық тұз себіледі.Айта кетейік, қыс мезгілі басталғалы елорданың арнайы полигондарына 268 мың текше метрге жуық қар шығарылған. Бұл 18 299 ауыр жүк көлігінің рейсіне тең.
Алдымен негізгі магистралдар мен қоғамдық көлік бағыттары тазаланады. Одан кейін орташа қозғалысы бар аумақтар – аулалар, алаңдар, тротуарлар және аялдамалар ретке келтіріледі.Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолда және тротуарларда барынша мұқият болуға, сондай-ақ ауа райы қолайсыз кезде алыс сапарға шықпауға шақырады.