Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мәжіліс «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске өзгерістерді бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске өзгерістерді бірінші оқылымда мақұлдады
Фото: primeminister.kz

2025 жылғы 12 қарашада ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аталған заң жобасын Мемлекет басшысының геологиялық барлау мен жер қойнауын игеру саласындағы реформаларды заңнамалық және практикалық тұрғыдан рәсімделуін аяқтау жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында ҚР Үкіметі әзірледі. Бұл ретте саланы цифрландыру және толық ашықтығын қамтамасыз ету көзделген.

Заң жобасының негізгі міндеттері: жер қойнауын пайдалану саласын цифрландыру;  электрондық аукциондарды енгізу; сынама алу үшін тау массасын өндіруге рұқсат беру; МЖҚҚББ рәсімінсіз геологиялық  барлауға жер қойнауын пайдалану құқығын алу; құны $100 млн-нан асатын жобаларды жүзеге асыратын стратегиялық инвесторларға қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіруге басым құқық беру мүмкіндігін қарастыру; $500 млн-нан астам инвестиция салынған жағдайда Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы Келісім жасасу.

Аталған нормалар елдегі инвестициялық ахуалды едәуір жақсартып, жер қойнауын пайдалану және өңдеу өнеркәсібі салаларына жаңа инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.

Заң жобасы бойынша жұмыс одан әрі Мәжілістегі жұмыс топтарында депутаттармен бірлесіп, екінші оқылымда қабылданғанға дейін жалғасады, одан әрі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қарауына енгізіледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады