Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мәжіліс Цифрлық кодекс жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс Цифрлық кодекс жобасын бірінші оқылымда мақұлдады
Фото: primeminister.kz

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында цифрлық кодекстің жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аталған заң жобасын Парламент депутаттары Мемлекет басшысының  Қазақстанды үш жыл ішінде цифрлық елге айналдыру стратегиялық міндетін орындау мақсатында ҚР Үкіметімен бірлесіп әзірледі.

Құжат бүкіл цифрлық экожүйе үшін құқықтық платформа болуы керек. Ол бірыңғай терминологияны, қағидаттар мен реттеу нормаларын белгілей отырып, қолданыстағы салалық заңдарды біріктіреді. Бұл тәсіл қайшылықтар мен үйлеспеушіліктерді жойып, цифрлық басқару жүйесін тұтас әрі тұрақты етеді. Яғни бұл жай ғана заң емес – ол цифрлық экономиканың және цифрлық мемлекет архитектурасының негізі болады.

Кодекс цифрлық деректер, активтермен жұмыс істеудің бірыңғай қағидаттарын белгілейді, цифрлық сәйкестендіру, электрондық қолтаңба және биометриялық аутентификация тетіктерін бекітеді. Заң жобасы сондай-ақ жасанды интеллект пен «ақылды өңірлерді» дамыту сияқты бағыттарды қамтиды.

Заң жобасы бойынша жұмыс одан әрі Мәжілістегі жұмыс топтарында депутаттармен бірлесіп, екінші оқылымда қабылданғанға дейін жалғасады, одан әрі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қарауына енгізіледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады