Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан парламенті халықтың жерді иелену құқығын бекітті

Сенат депутаттары палатаның жалпы отырысында Қазақстан халқының жерге меншік құқығын заңды түрде бекітетін заң жобасын қабылдады. Құжат мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Мұндай норма "Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында бар. Сенаттың бейіндік комитетінің қорытындысында заң жобасының мақсаты – сайлау жүйесін жетілдіру, заң шығару процестерін нормативтік құқықтық реттеуді дамыту, биліктің мемлекеттік тармақтарының арасындағы тежемелік пен тепе-теңдік жүйесін нығайту, салалық заңдардың ережелерін Конституцияның новеллаларымен корреляциялау екендігі айтылды.

Заң жобасында 15 кодекске, 46 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Заң жобасының негізгі міндеттері: ел президентінің Жергілікті атқарушы органдарға қатысты жекелеген өкілеттіктерін жою; Қазақстан халқының жерге меншік құқығын заңнамалық тұрғыдан бекіту; саяси партиялар қызметін дамытудың бәсекелестік мүмкіндіктерін кеңейту; құқық қорғау тетіктерін күшейту және тәуелсіздікті нығайту; сайлау процесін жаңғырту; заң шығару рәсімдеріндегі үкімет өкілеттіктерін трансформациялау болып табылады. Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау уақыты жарияланған соң халыққа үндеу жасап, онда Конституцияға жер және оның қойнауы халыққа тиесілі деген бап енгізілгенін айтқан болатын. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді