Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мәжіліс жаңа Құрылыс кодексінің жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс жаңа Құрылыс кодексінің жобасын бірінші оқылымда мақұлдады
Фото: primeminister.kz

2025 жылғы 8 қазанда ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында бірінші оқылымда ҚР Құрылыс кодексінің жобасы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚРЗ жобасы мақұлданды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл заң жобаларын ҚР Үкіметі Мемлекет басшысының сәулет және құрылыс саласындағы қатынастарды реттеуді жетілдіру, сондай-ақ саланың жүйелі мәселелерін шешу жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында әзірледі.

Жобалар шеңберінде құрылыс нарығы субъектілерінің рөлін саралау және нақтылау, отандық ғылымды қолдау, құрылыс туралы шешімдер қабылдау кезінде жұртшылықтың қатысуы көзделген, сондай-ақ мемлекеттік бақылау жөніндегі шаралар күшейтілді, бұл сапалы қала құрылысын жоспарлау мен құрылысты қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ сейсмикалық аймақтарда жобалау және құрылыс ерекшеліктері, құрылыс саласының инженерлерін сертификаттауды енгізу, «жедел бақылау шарасы» және «жоспарлы инспекциялау» жаңа тетіктерін енгізу, объектілерді пайдалануға қабылдау кезінде инновациялар сияқты реттеудің жаңа нысандары көзделген.

Процестерді автоматтандыру және цифрландыру мақсатында Кодекс шеңберінде құрылыс саласының бірыңғай цифрлық экожүйесін енгізу, АММБ жаңа жүйесін тапсырыс берушінің бірыңғай терезесі ретінде пайдалану көзделеді, бұл құрылыстың барлық қатысушыларының жұмысын бір бастапқы интерфейс арқылы қамтамасыз етеді.

Аталған нормалар құрылыс нарығын монополиясыздандыруға, аумақтардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету және халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін жобалау мен құрылыс сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Аталған заң жобалары бойынша одан арғы жұмыс Мәжілістін жұмыс топтарында депутаттармен бірлесіп, екінші оқылымда қабылданғанға дейін жалғасады, кейін Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының қарауына жіберіледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті