Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Әскери шақырылым – 2025»: Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қатары 1500-ден астам жас сарбазбен толықты

«Әскери шақырылым – 2025»: Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қатары 1500-ден астам жас сарбазбен толықты
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлерінде күзгі шақырылым науқаны аяқталды. Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында орналасқан әскери бөлімдер мен құрамаларға 1500-ден астам жас сарбаз келіп қосылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызметтің алғашқы күндерінен бастап жаңадан шақырылған сарбаздардың бейімделуіне бағытталған кешенді іс-шаралар ұйымдастырылған. Жас жауынгерлер ротасының оқу-жаттығу жиындары барысында олар әскери қызметтің негіздерін меңгеріп, саптық, атыс, тактикалық және дене дайындығы бойынша білімдерін жетілдіруде. Сонымен қатар, жалпыәскери жарғылар мен ішкі тәртіп ережелерін оқып үйренуде.

61993 әскери бөлімінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Даурен Төленбаевтың айтуынша, негізгі мақсат – жас сарбаздардың әскери ортаға жылдам бейімделуіне жәрдемдесу, әскердің дәстүрлерімен таныстыру және оларды Әскери ант қабылдауға дайындау. Оқыту үдерісі кешенді түрде жүргізіліп, оған дене, психологиялық және әскери-патриоттық дайындық бағыттары енгізілген.

Бейімделу кезеңінде әскери психологтар маңызды рөл атқарады. Жас сарбаздармен диагностикалық тестілер, топтық жаттығулар және жеке кеңес беру іс-шаралары өткізіледі. Бұл жұмыстар жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайын нығайтуға және бөлімдерде қолайлы ахуал қалыптастыруға ықпал етеді.

Жаттығу бағдарламасында жауынгерлік және атыс дайындығына ерекше назар аударылған. Оқу полигондарында сарбаздар Калашников автоматыннан алғашқы атыс жаттығуларын орындап, бөлімше құрамында іс-қимылдарды пысықтап, бронетехникамен өзара іс-қимылдан өтті.

– Алғашқы атыс кезінде сәл толқыдым, бірақ кейін сенімділік пайда болып, нысанаға дәл тигізе бастадым. Бұл ретте спорттық дайындықтың көмегі зор, – деді астаналық қатардағы жауынгер, Канадада өткен Dageki World Full Contact Karate Championship 2024 әлем чемпионатының жеңімпазы Татымбек Нөгербек.

Бейімделу кезеңі аяқталған соң жас десантшыларды парашютпен секіру, дала жаттығулары және жауынгерлік дайындықтың жаңа кезеңдері күтіп тұр. Осылайша, олар біртіндеп ел қорғанысын қамтамасыз етуге дайын, ұйымшыл әрі кәсіби әскери ұжымның толыққанды мүшесіне айналуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті