Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті
Фото: primeminister.kz

Үкімет үйінде вице-премьер Қанат Бозымбаев Дүниежүзілік банк делегациясымен кездесті. Кездесуде «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асырудың келесі кезеңдері мен тікелей шетелдік инвестицияларды тартуда банктің атқаратын рөлі талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Келіссөздер барысында Дүниежүзілік банк өкілдері қолжетімді несиелеу құралдарын, қаржыландыру шарттары мен пайыздық мөлшерлемелерін ұсынды. Ал «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, негізгі секторлар бойынша 2029 жылға дейінгі жобалар пулын жасақтау үстінде. Бұл жобалар тізімі жан-жақты талдау және келісу үшін Дүниежүзілік банкке жолданады.

Сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту саласындағы әріптестік перспективалары да қаралды. Еліміздегі бірқатар ірі су арнасына кешенді талдау жүргізіліп, Сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін дамыту жөніндегі жол картасы әзірленді. Дүниежүзілік банктің қаражатын гидравликалық жүйелерді орнатуға, су арналарын автоматтандыру және цифрландыруға бағыттау жоспарлануда. Банк несиесі есебінен алғашқы жобалар Астана, Ақтау, Петропавл, Талдықорған, Сарыағаш, Текелі және Қосшы қалаларында жүзеге асырылатын болады.

Алдағы кезеңде мелиорация жүйелерін, сондай-ақ жылу және энергетикалық желілерді жаңғырту бойынша тағы екі жол картасын әзірлеу көзделген.

Кездесу соңында Қанат Бозымбаев еліміздің стратегиялық маңызы бар инфрақұрылым нысандарын жаңғырту жұмыстарына белсенді атсалысуға дайын екені үшін Дүниежүзілік банк тобына алғысын білдірді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті