Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында Іле өзенінің әсем жағалауында жаңа туристік кластерді дамытуға бағытталған ауқымды жоба іске қосылды

Алматы облысында Іле өзенінің әсем жағалауында жаңа туристік кластерді дамытуға бағытталған ауқымды жоба іске қосылды
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жоба аясында «Көшпенділер қаласы» кешенін қайта жаңарту, Таңбалы Тас археологиялық ескерткішіне қарай жаяу жүргіншілер үшін көпір салу және заманауи туристік инфрақұрылымы бар демалыс аймағын абаттандыру көзделген. Аталған аумақта глэмпинг аймақтары, демалыс орындары мен қоғамдық тамақтану нысандары салынбақ, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Көшпенділер қаласы» кешені бүгінде туристер мен шығармашылық ұжымдар арасында үлкен танымалдыққа ие. Биыл мұнда «Жібек жолы» телеарнасының бірнеше фильмдері мен тележобаларының түсірілімі өтті.

Аумаққа жұмыс сапарымен келген Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев:

«Бұрын бұл нысан тек декорациялық алаң ретінде пайдаланылып, уақыт өте келе бастапқы келбетін жоғалта бастаған еді. Туристердің қызығушылығы артқан сайын біз оны жаңа форматта жаңғыртуды — заманауи инфрақұрылымы бар толыққанды туристік орынға айналдыруды жөн көрдік. Қазіргі таңда “Көшпенділер қаласына” ай сайын шамамен 500 адам, ал Танбалы Тасқа жыл сайын 4 мыңға жуық турист келеді. Мұндай бастамалар ішкі туризмнің дамуына тың серпін береді. Біз табиғаттың сұлулығы, тарихи мұра және заманауи жайлылық тоғысқан бірегей кеңістік қалыптастырып жатырмыз. Бұл жоба бизнестің дамуына және өңір экономикасының өсуіне үлес қосатынына сенімдімін», — деді өз сөзінде.

Қазіргі уақытта инфрақұрылымды дамыту жұмыстары басталды: «Көшпенділер қаласына» дейін ұзындығы 7 шақырым болатын жаңа жол салынып жатыр. Жоба аясында жол бойын жарықтандыру және автотұрақ салу қарастырылған. Құрылысты биылғы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Айта кетейік, 2025 жылы Алматы облысындағы ұлттық парктерге 700 мыңнан астам турист келген. Ал жыл басынан бергі алғашқы жартыжылдық қорытындысы бойынша өңірге келген туристер легі 30%-ға өсіп, оның ішінде ішкі туризм 1 миллион адамнан асты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті