Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бизнес тұрғызған қала: Қонаев экономикалық хабқа айналуда

Бизнес тұрғызған қала: Қонаев экономикалық хабқа айналуда
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің жұмыс сапары барысында Қонаев қаласында жалпы құны 245 миллиард теңгені құрайтын 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатқаны белгілі болды. Бұл жобалар аясында 1000-нан астам тұрақты жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қапшағай жағалауында қонақүйі, аквапаркі, СПА-аймақтары мен жағажайы бар курорттық кешеннің құрылысы жүріп жатыр. Жоба отбасылық демалысқа бағытталған және өңірдің туристік инфрақұрылымындағы маңызды нысандардың біріне айналмақ.

Сондай-ақ, жағалауда пайдалануға берілген жобалардың қатарында жағажай ойындарына арналған жаңа спорт кешенін атап өтуге болады. Мұнда құм төселген футбол және волейбол алаңдары, үстел ойындарына арналған аймақтар мен демалыс орындары қарастырылған. Бұл – жағалау аймағын абаттандыруға бағытталған алғашқы қадамдардың бірі әрі ашық аспан астында белсенді демалысқа жағдай жасайтын заманауи инфрақұрылым.

Өндіріс саласы – Қонаев қаласының жаңа экономикасындағы негізгі бағыттардың бірі. Мұнда ұн тарту, мал азығы және май өңдеу зауыттарын қамтитын агроөнеркәсіптік кластер құрылып жатыр. Бұған қоса, ірімшік пен қуырылған картоп өндіретін кәсіпорынның құрылысы да қолға алынған. Жоба ішкі нарықпен қатар экспортқа да бағытталған. Сауда желілерімен тиісті келісімшарттар жасалған.

Бұл қала тұрғындары үшін екі маңызды мәселені білдіреді: тұрақты жұмыс орындарының пайда болуы және экономикалық өсімнің тек маусымдық туризммен немесе құрылыс саласымен шектелмейтініне деген сенімділік. Мұнда тек жұмыс күші ғана емес, біліктілік пен кәсіби білімді қажет ететін – технолог, оператор, логист және инженер сынды мамандықтар сұранысқа ие бола бастады.

Қалада жүзеге асып жатқан барлық құрылыс пен өндіріс жобаларын біріктіргенде, 1000-нан астам тұрақты жұмыс орны ашылады. Сарапшылардың бағалауынша, бұл кәсіпорындар жыл сайын түрлі деңгейдегі бюджеттерге 6 миллиард теңгеден астам салық түсірмек. Бұл көрсеткішке ірі жобалардың айналасында қалыптасатын шағын және орта бизнес кірмейді.

Бүгінде кейбіреулер Қонаевты әлі де саяжай мен демалыс аймағы ретінде қабылдаса, шын мәнінде қала инфрақұрылымы, денсаулық сақтау, бизнес және жаңа мүмкіндіктері бар өмір сүруге қолайлы орталыққа айналып келеді

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті