Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Марат Шоранов Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры атанды

ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Марат Шоранов Санжар Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Kazlenta.kz. оқу орнының ресми сайтына сілтеме жасап.

Марат Едігеұлы Шоранов 1975 жылы 24 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Академик Б.У.Жарбосынов атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Урология ғылыми орталығының аспирантурасын бітірді. Rollins School of Public Health (Emory University) магистрі, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, медицина ғылымдарының кандидаты. Академик Б.У. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында (Алматы), радиациялық медицина және экология ҚазҒЗИ (Семей), ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде жұмыс істеді.

2008–2009 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Денсаулық сақтауды дамыту институты» РМК директоры (Алматы). 2009–2011 жылдары – Emory университетінің Клиника жобалары бойынша менеджері (Emory University, Rollins School of Public Health, Атланта, АҚШ).

2012 жыл – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК экологиялық зерттеулер орталығының басшысы (Астана қаласы). 2012–2013 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК бас директорының медициналық ғылым және білім жөніндегі орынбасары. 2013–2014 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму департаментінің директоры.

2014–2015 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық қызметтерді стандарттау департаментінің директоры. 2015 жылы – «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ трансформация департаментінің директоры. 2016–2017 жылдары – «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарушы директоры. 2017-2019 жылдары Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы. 2019 жылдың сәуір-қыркүйек айларында Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарды. 2019-2020 жылдары – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ басқарма төрағасының орынбасары. 2022 жылдың маусымына дейін ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметін атқарған.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
Мультимедиа
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты
Олжас Бектенов IV қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына Мемлекет басшысының алғыс хаттарын табыс етті
Алматы Халықаралық әуежайының жаңа терминалы 87% дайын