Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жасанды интеллект, роботтар және жүрек трансплантациясы: Алматыда болашақ медицинасы енгізіліп келеді

Жасанды интеллект, роботтар және жүрек трансплантациясы: Алматыда болашақ медицинасы енгізіліп келеді
Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Алматы Қазақстандағы технологиялық медицинаның флагманына айналып келеді. Елде алғаш рет Алматылық онкология орталығында химиопрепараттарды дайындаудың роботтандырылған KiroOncology жүйесі енгізілді. Бұған дейін аталған жүйе тек Еуропа мен АҚШ клиникаларында пайдаланылған. Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахым мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, сондай-ақ Қазақстанда алғаш рет №3 қалалық емханада тіркеуші қызметін атқаратын жасанды интеллект негізіндегі дауыс роботтары іске қосылды. Жүйе пациенттің сөзін естіп, түсінеді, кеңес береді және өтінішті реттейді. Алдағы уақытта бұл тәжірибе барлық қалалық емханаға енгізіледі.

«Алматы медицинаны неғұрлым дәл, қауіпсіз әрі қолжетімді ететін технологияларды енгізіп келеді», — деді Нұрлан Әбдірахым.

Сонымен қатар, қалалық кардиология орталығы базасында алғаш рет қалалық деңгейде жүрек трансплантациясы бойынша ота жасалуға дайындық жүргізіліп жатыр.

Кадрлық әлеуетке ерекше көңіл бөлінуде. Алматы әкімінің орынбасарының айтуынша, жыл сайын қаланың медициналық мекемелеріне 400 жас маман жұмысқа келеді, олар баспанамен және әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз етіледі. Сұраныс жоғары бағыттар бойынша 124 дәрігер резидентураға жіберілген.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті