Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әлеуметтік қолдау шаралары есебінен өңірлердегі дәрігер тапшылығы 19%-ға, орта медицина қызметкерлері тапшылығы 7%-ға азайды

Әлеуметтік қолдау шаралары есебінен өңірлердегі дәрігер тапшылығы 19%-ға, орта медицина қызметкерлері тапшылығы 7%-ға азайды
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау жүйесін дамыту шеңберінде елімізде еңбек жағдайын жақсарту, кәсіптің беделін арттыру және медицина қызметкерлерін әлеуметтік қорғау жұмыстары жүргізіліп келеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2024 жылдың сәуір айында медицина мамандарын құқықтық және қаржылық қамтамасыз етуді күшейтетін Заңның қабылдануы маңызды қадам болды. Ол дәрігерлерге кәсіби жауапкершілік жүйесін енгізуді қолға алып, ауылдарға медициналық кадрларды тартуға ынталандыру жасауға мүмкіндік берді. Бүгінде 164 мың медицина қызметкері сақтандыру жүйесінің қорғауымен қамтылған.

Өңірлерде жұмыспен қамтуды әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Қазірдің өзінде 600-ге жуық дипломды жас маман осы бағдарламаларды пайдаланды. Қосымша 207 дәрігердің әрқайсысына 8,5 млн теңге мөлшерінде біржолғы төлемдер берілді. Бұл қаражат қаржылай қолдау көрсетуге, ипотекалық несиелерді ресімдеуге көмектесуге және ауылдық жерлерде медицина кадрларын тұрақтандыру үшін жағдай жасауға бағытталған.

Сондай-ақ ел Президентінің бастамасымен алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы үш дәрігерге берілді, ал «Мамандығы бойынша үздік» республикалық байқауының 16 жеңімпазы 500 АЕК-ке теңестірілген немесе 1,8 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды. 

Денсаулық сақтау министрлігінің жұмысы бағыттарының бірі – кадрлық әлеуетті дамыту. Осы мақсатта белгілі бір сала мамандарын даярлауға арналған квоталар саны 2,5 мың орынға дейін ұлғайтылды. Шәкіртақы мөлшері бакалаврлар мен интерндерге 20%-ға, резиденттер, магистранттар мен докторанттарға 15%-ға өсті. Сондай-ақ өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап медициналық колледж студенттеріне ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақы мөлшері 50%-ға көтерілді. 2024 жылы медицина саласындағы түлектердің жалпы саны 10 570 адамды құрады, оның 52%-ы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыды. Әлеуметтік қолдау шаралары есебінен өңірлердегі дәрігерлер тапшылығын 19%-ға, ал орта медициналық персоналдың тапшылығын 7%-ға төмендетуге мүмкіндік туды.

Қазіргі уақытта Қазақстанның денсаулық сақтау саласында 270 мыңнан астам медицина қызметкері, оның ішінде 81 285 дәрігер және 190 644 орта медицина қызметкерінің өкілі жұмыс істейді. Саланы қаржыландыруға биыл 2 трлн теңге жоспарланған, 2024 жылы 2,8 трлн теңге, 2023 жылы 4,467 трлн теңге бөлінді.

Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, кадрлық әлеуетті дамытуға және саланы жетілдіруге бағытталған тапсырмаларын орындауды жалғастырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты