Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Терезені сындырып, жұртты шошытты: Астанада қоғамдық тәртіпті бұзғандар жазаланды

Терезені сындырып, жұртты шошытты: Астанада қоғамдық тәртіпті бұзғандар жазаланды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Жыл басынан бері елордада вандализм бойынша шамамен 230 құқықбұзушылық тіркелді. Құқық қорғау органдары құқықбұзушыларды анықтап, жауапкершілікке тартуда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, елордалық полицейлер қоғамдық тәртіпті бұзу және бөтеннің мүлкіне зиян келтіру фактісін анықтады.51 жастағы ер адам Абылай хан көшесіндегі тұрғын үйдің жанында орналасқан полиция бекетінің терезесін сындырған. Тексеру барысында азаматтың әдейі сындырғаны белгілі болды. Ол қолға түсті. Оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 147-1-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды, іс материалдары Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.

Тағы бір жағдайда әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында полиция қызметкерлері елордалық сауда ойын-сауық орталықтарының бірінің аумағында жартылай жалаңаш күйде жүгіріп, жұрттың назарын аударып, қоғамдық тәртіпті бұзған ер адамның видеожазбасын анықтады.Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 26 жастағы құқықбұзушының кім екені анықталды. Оған ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Айта кетейік, жыл басынан бері елордада вандализм бойынша шамамен 230 құқықбұзушылық тіркелген.Еске салайық, «Заң және тәртіп» бастамасы аясында қалалық прокуратура полиция департаментімен бірлесіп, вандализмнің алдын алу және оған қарсы күрес жұмыстарын жүргізіп келеді.Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру 60 АЕК-ке дейінгі айыппұл немесе 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу түрінде жаза қолданылады.Сондай-ақ Астанада волонтерлер, белсенділер, танымал спортшылар мен қала тұрғындарының қолдауымен «Стоп, вандал» акциясы аясында профилактикалық жұмыстар белсенді жүргізілуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті