«Ақорда» резиденциясында Финляндия Президентін қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Бұл – Александр Стуббтың Президент ретінде елімізге алғашқы ресми сапары. Мемлекеттер басшылары бұған дейін БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында Нью-Йоркте кездесті. Суоми Қазақстан экономикасына 2005 жылдан бері жарты миллиард долларға жуық инвестиция салған.