Алматы мәслихатының кезектен тыс XXVI сессиясында депутаттар тексеру үшін құрылыс нысандарына кіру тәртібін бекітті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Енді қала құрылысын бақылау органдары бастапқы кезеңде-ақ заңсыз құрылыстың жолын кесе алады. Құжат Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен әзірленді және қажетті құжаттар болмаған кезде немесе жобадан ауытқу анықталса, нысандарды тексеруге мүмкіндік береді.Бұрын тексеріс тек ресми өтініш негізінде жүргізілетін, ал меншік иесінің болмауы тексеруге кедергі келтіретін. Жаңа ережелерге сәйкес, бұл енді тосқауыл болмайды. Егер заңбұзушылық анықталса, қала әкімдігі заңды негізде жедел түрде жоспардан тыс тексеріс бастайды.Қазіргі уақытта құқықтық акт Әділет департаментінде тіркеуден өтуде. Оның қабылдануы құрылыс үдерістерін қауіпсіз әрі ашық етіп, заңсыз құрылысқа жол бермей, құрылыс салушылардың жауапкершілігін арттырады.Бүгін, 11:15
Алматыда құрылыс нысандары тексеріле бастайды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз