Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Рудныйда жылына 2 млн тонна өнім шығаратын темір өндіріс зауыты салынбақ

Рудныйда жылына 2 млн тонна өнім шығаратын темір өндіріс зауыты салынбақ
Фото: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Рудныйда ыстық брикеттелген темір өндіретін зауыт салу жоспарланған. Болашақта ыстық брикеттелген темір өндіретін зауыт Орта Азиядағы жаңа буынды «жасыл» ірі металлургиялық нысандарының біріне айналмақ, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Мұнда металдығы 93%, құрамындағы темір үлесі 90%-дан жоғарыөнім алу көздеген. Нәтижесінде Қазақстан жаһандық болат құю нарығына шығып, бәсекеге қабілетті өнімнің жаңа түрін ұсына алады.

Eurasian Resources Group (ERG) PrimetalsTechnologies Austria GmbH (Австрия) және MidrexTechnologies Inc. (АҚШ) компанияларының консорциумымен стратегиялық келісімшарт жасасты. Келісімшарт зауыт құрылысының жобасы аясында егжей-тегжейлі инжиниринг, негізгі технологиялық жабдықтарды жеткізу және бірқатар қызметтерді көрсетуді көзделіп отыр.

Жобаны Midrex процесі бойынша темірді тікелей қалпына келтірудің озық технологияларына сүйене отырып іске асыру жоспарланған. Бұрын бар дәстүрлі домна өндірісінен гөрі бұл экологиялық тұрғыдан анағұрлым ұтымды. Кокстың орнына мұнда табиғи газ пайдаланылады. Зауыт «ССКӨБ» АҚ өндірген тотыққан темір кенішекемтастарын өңдеп, болашақ болат құю цехына ыстық биркеттелген өнім бере алады.

– Мемлекет басшысы Жолдауда терең өңделген, отандық және халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті өнім өндірісі – басым бағыт екенін атапкөрсетті. Бүгін осы консорциуммен жасалған келісім шарт – Қазақстандағы металлургия саласындамыту мен ондағы ERG-дің көшбасшылығын нығайта түсетін стратегиялық қадам, – атап өтті ERG Директорлары кеңесінің төрағасы, Бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимов.

Ыстық брикеттелген темір өндіру зауыты жобасын Топтың еншілес кәсіпорны – «QazIronERG» ЖШС іске асырады. Зауыттың өндірістік қуаты – жылына 2 млн тонна. Жобаға құйылатын жалпы инвестиция көлемі – 655 млрд. теңге. Өндірісті 2029 жылы іске қосу жоспарланып отыр. 1 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.

–MIDREX Flex шешімдері – кеннен темір өндірудің ең экологиялық таза технологиясы. Дәстүрлі әдіспен салыстырар болсақ, ол көміртегіізін 50% төмендетуге мүмкідік береді, – деді Primetals Technologies компаниясының вице-президенті әрі жаһандық Upstream құрылымының жетекшісі Андреас Фибек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті