Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу облысында көші-қон заңнамасын бұзу деректері анықталды

Жетісу облысында көші-қон заңнамасын бұзу деректері анықталды
Фото: Polisia.kz

Жетісу облысында екі күн ішінде 200-ден астам көші-қон заңнамасын бұзу дерегі анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге бағытталған "Заңсыз келуші-2025" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы жалғасуда. Екі күн ішінде өңір полицейлері 209 құқық бұзушылықты тіркеді. Оның 148-і шетел азаматтары, ал 61-і Қазақстан азаматтары тарапынан жасалған. Полиция дерегінше, 148 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағында болу және тұру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар 46 қазақстандық азамат шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау тәртібін сақтамағаны үшін жауап берді. Тағы 15 адам шетелдік жұмыс күшін рұқсатсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Іс-шара аясында шетел азаматтарының Қазақстан аумағында болу мерзімі қысқартылды. Сот шешімімен 14 құқық бұзушы елден тысқары шығарылатын болды. Сондай құқық бұзу жағдайлардың бірі Кербұлақ ауданында тіркелді.

Полицейлер Кербұлақ өңірінде құжатсыз, заңсыз еңбек етіп жүрген 29 шетел азаматын анықтады. Барлығы жеке тұлғасын анықтау мақсатында қабылдау-тарату орнына жеткізілді. Ал шетелдік жұмысшыларды заңсыз түрде тартқан жұмыс берушіге қатысты заңда көзделген шаралар қолданылды. "Заңсыз келуші-2025" алдын алу операциясы жалғасуда. Ішкі істер органдары көші-қон саласындағы бақылауды күшейтіп, заңнаманы сақтау – қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің басты кепілі екенін атап өтті.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті