Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада 22 жастағы қыз риносептопластикадан кейін алты айға комаға түскен

Астанада 22 жастағы қыз риносептопластикадан кейін алты айға комаға түскен
Фото: pixabay.com

Астанадағы жеке клиникалардың бірінде мұрынға риносептопластика жасатқан 22 жастағы қыз алты айға комаға түскен, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанайлық 22 жастағы Гүлжан 28 сәуірде Астанадағы жеке клиникалардың бірінде мұрын қалқасын түзетуге арналған жоспарлы операцияға жатқан. Қыз содан кейін алты ай кома жағдайында болған.

Туыстарының айтуынша, операцияны бес жылдық тәжірибесі бар пластикалық хирург және 24 жыл еңбек өтілі бар анестезиолог жасаған.

"Отадан кейін қызды ауыр жағдайда Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына (ҰШМҮО) жеткізді. Алғашқы екі ай жансақтау бөлімінде болды, кейін палатаға ауыстырылды", – деді туыстары.

Бүгінде Гүлжан оңалту орталығында ем алып жатыр, алайда оның жағдайы әлі де ауыр.

Туыстарының сөзінше, клиника полицияға арызданбау шартымен қыздың емін төлеуді ұсынған. Алайда ата-анасы бұл ұсыныстан бас тартқан.

"Бос уәделерге сеніп, алданып қаламыз ба деп қорқамыз", – дейді олар.

Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті редакцияның ресми сауалына берген жауабында пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру жағдайын анықтау үшін тәуелсіз сараптамалық тексеру басталғанын хабарлады.

"2025 жылдың 9 маусымы мен 26 қыркүйегінде ЖШС-ға тәуелсіз сараптамалық комиссия жүргізу туралы хат жіберілді. Қазіргі уақытта клиника тексеру жүргізілетіні туралы жауап берді, оның нәтижесі бойынша өтініш берушіге және департаментке жауап жолданады", – делінген ведомство хабарламасында.

Департамент мәліметінше, клиника пациенттің еміне қаржылай көмек көрсетіп отыр. Клиниканың e-license базасында лицензиясы бар екені және ол денсаулық сақтау талаптарына сәйкес келетіні айтылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті