Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Серік Жұманғарин Америкалық сауда палатасымен тауарларды цифрлық таңбалауды енгізу мәселесін талқылады

Серік Жұманғарин Америкалық сауда палатасымен тауарларды цифрлық таңбалауды енгізу мәселесін талқылады
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстандағы Америкалық сауда палатасының атқарушы директоры Джефф Эрлихпен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында вице-премьер тұтыну тауарларын цифрлық таңбалауды енгізу мәселесі қаралған Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысының оң қорытындыларын атап өтті. Ол Үкіметтің шетелдік серіктестер мен Америкалық сауда палатасының Қазақстанның инвестициялық ахуалын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді. Отырыста айтылған барлық ұсыныс мұқият зерделенді.

Серік Жұманғариннің айтуынша, бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесу цифрлық таңбалауды енгізудің практикалық аспектісін талқылауға мүмкіндік береді.  

«Біз міндетті цифрлық таңбалауды көлеңкелі экономиканың үлесін төмендету мен тауар нарығының ашықтығын арттырудағы пәрменді құрал деп санаймыз. Бұл үдерісте сыра қайнату саласына ерекше назар аударылады. Мұнда цифрлық таңбалау тәсілдің тиімділігін тәжірибе жүзінде бағалауға мүмкіндік береді. Сыра қайнату өнімін таңбалауды енгізу заңсыз өнім көлемін қысқартуға және нарықтың осы сегментін 25%-дан астамға "көлеңкелі экономикадан шығаруға" мүмкіндік береді», — деп атап өтті ол. 

Үкіметтің іс-қимыл бағдарламасына сәйкес (ҚР 2025 жылғы 12 маусымдағы №431 қаулысы) сыра қайнату өнімдерін міндетті таңбалауды 2026 жылғы ақпаннан бастау жоспарланған. Сонымен қатар бизнеске жүктемені азайту үшін бөтелке мен банканы таңбалауды енгізуді 2027 жылғы қаңтарға дейін шегеру туралы шешім қабылданды. Бұл кәсіпорындарға жабдыққа кезең-кезеңімен инвестиция салуға және өз ақпараттық жүйелерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Қазақстандағы Америкалық сауда палатасының атқарушы директоры Джефф Эрлих елдегі ірі жобаларды жүзеге асыратын халықаралық компаниялар таңбалау жүйесін табысты және кезең-кезеңімен жүзеге асыруға мүдделі екенін атап өтті. Сонымен қатар бизнес-қоғамдастық тұрақты инвестициялық белсенділікті сақтау үшін теңгерімді жүзеге асыру мерзімін қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аударады.

Efes Kazakhstan корпоративтік мәселелер жөніндегі директоры Шыңғыс Қаскеев бизнестің цифрлық таңбалауды енгізуді қолдайтынын және Үкіметтің кезеңге бөліп қолдану тәсілін оң бағалайтынын айтты. Таңбалаудың бірінші кезеңі 2026 жылғы ақпаннан бастап жүргізіліп, бөшкелер мен бөтелкелер, екіншісі кезеңде 2027 жылғы қаңтардан бастап банкалар таңбаланады. Сонымен қатар жабдықты жеткізу мерзімі мен өндірістің маусымдық ерекшелігін ескере отырып, компания іске қосуды 2026 жылғы қарашаға ауыстыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Серік Жұманғарин Үкіметтің таңбалауды енгізудегі нақты жоспары барын және нарық қатысушылары уақтылы дайындалуы үшін мерзімді бекіту маңызды екенін айтты.

«Біз бөтелкелер мен банкаларды таңбалауды 2027 жылғы қаңтарға ауыстыруға дайынбыз. Бірақ сыра қайнату саласының маусымдық ерекшелігін ескере отырып, кегті таңбалау 2026 жылғы қыркүйекте жүргізіледі. Кегтерді таңбалау автоматтандыруды қажет етпейді және айтарлықтай шығын әкелмейді», — деп атап өтті ол.

Вице-премьер жаңа Салық кодексі шеңберінде Үкімет таңбалауды енгізуге жұмсалатын нақты шығыннан асатын салық шегерімі арқылы бизнесті қосымша ынталандыру мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін атап өтті. Осы тетікті пысықтау үшін ол Ұлттық экономика министрлігі мен Қаржы министрлігіне таңбалау процесінің нарық қатысушылары үшін экономикалық тиімді болуын қамтамасыз ететін тиісті ұсыныс дайындауды тапсырды.

Анықтама:

Қазақстанда цифрлық таңбалау қолданылатын елдерге сыра экспортының өсуі байқалады. 2025 жылғы бірінші жартыжылдықтағы экспорт көлемі — 12,6 млн литр болған. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 33%-ға артық. Ресейлік компаниялар бұрын Ресей нарығында болмаған қазақстандық сыра қайнату зауыттарының өнімін сертификаттауды бастады. Бұл отандық өндірушілердің экспорттық әлеуеті мен техникалық дайындығын көрсетеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті