Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов халықаралық бизнес қоғамдастығы өкілдерімен инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелерін талқылады

Олжас Бектенов халықаралық бизнес қоғамдастығы өкілдерімен инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелерін талқылады
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысында халықаралық бизнес қоғамдастықтығының Қазақстан Үкіметімен өзара іс-қимылының өзекті мәселелері қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еліміздің инвестициялық тартымдылығын одан әрі арттыру, оның ішінде салық саясатын жетілдіру мәселелеріне назар аударылды.

Отырысқа қатысушылар Үкіметтің қолайлы бизнес-орта құруға, өсу серпінін сақтауға және экономикалық даму сапасын арттыруға бағытталған реформалары туралы хабардар болды.

Әзірленіп жатқан жаңа Салық кодексі шеңберінде әкімшілендірудің сервистік моделін енгізу, салық есептілігін 30%-ға қысқарту және салық төлемдері түрлерінің санын 20%-ға азайту көзделгені атап өтілді. Өз өнімін өндірушілер үшін табыс салығының төмендетілген мөлшерлемесі енгізіледі, шикізатты қайта өңдеушілер жабдықтың импорты бойынша ҚҚС төлеу мерзімін ұзартады. Сонымен қатар роялтиге салық салудағы өзгерістер түсіндірілді.

Жиында Қазақстандағы Америкалық сауда палатасының атқарушы директоры Джефф Эрлих, АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы Мишель Йеркин, Ұлыбритания елшісі Кэти Лич, ЕО-ның Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі Мачей Мадалиньский, Deloitte серіктесі Елдос Сыздықов, Кавказ және Орталық Азия елдеріндегі EY басқарушы серіктесі Ерлан Досымбеков, Beeline Қазақстан бас директоры Евгений Настрадин, ExxonMobil Қазақстан бойынша басқарушы директоры Сесиль Раулин, Pfizer аймақтық директоры Дмитрий Козенков сөз сөйледі.

Көтерілген тақырыптарға Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, қаржы министрі Мәди Такиев түсініктеме берді.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы ҚҚС қайтару аясында рекордтық 1,2 трлн теңге төленген. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықты қайтару рәсімінің тиімділігі мен ашықтығын арттыратын жаңа ақпараттық жүйе қолданысқа енгізіледі.

Отырысты қорытындылаған Премьер-министр Олжас Бектенов айтылған ұсыныстар мен бастамалар үшін алғысын білдірді. Қазақстан Үкіметі ашық диалог пен өзара үйлесімді іс-қимылға дайын.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты