Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ЕАЭО таңбалау аясын кеңейтеді

ЕАЭО таңбалау аясын кеңейтеді
Фото: primeminister.kz

8 шілдеде онлайн-форматта өткен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің (ЕЭК) кезекті отырысында бірқатар маңызды шешімдер қабылданды. Қазақстан делегациясын вице-премьер – ұлттық экономика  министрі Серік Жұманғарин басқарды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыста қызыл және қара уылдырық, мотор майлары, антисептиктер мен велосипедтерге таңбалауды енгізу туралы бірқатар шешім қабылданды. Бұл ретте ЕАЭО елдері өнімнің әрбір түрін таңбалауды енгізу мерзімі мен тәртібін жеке белгілейді.

Айта кету керек, Қазақстанда мотор майларын таңбалауды енгізу биылғы жылдың қыркүйегіне жоспарланған.

ЕЭК Кеңесінің шешімімен ЕАЭО-ның бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарына өзгерістер енгізілді. Өзгеріс құлпынай антракнозының қоздырғышынан (Colletotrichum acutatum) бос аймақтардан жеткізілетін алма ағашының көшеттеріне, тамыр сабақтарының, шламдарының және жемістердің  (Malus spp.) және алмұртқа (pyrus spp.) қатысты .

Сондай-ақ медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін тіркеу және сараптау ережелері жаңартылды. Өзгерістер 2024 жылы Клиникалық және зертханалық сынақтарды жүргізу ережелерінің жаңа редакциясын қабылдауға байланысты болып отыр. Олар өнімді тіркеу мен сараптауға кететін уақыт пен еңбек шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді.

Өнеркәсіп робототехникасын дамыту бойынша жаңа Еуразиялық технологиялық платформа құру туралы шешім қабылданды. Оның мақсаты – ЕАЭО елдері арасындағы өнеркәсіп роботтарын әзірлеу және енгізу, сондай-ақ перспектив коммерциялық технологияларды қалыптастыру саласындағы инновациялық ынтымақтастықты ынталандыру. Платформа шеңберінде робототехниканы дамытудың мемлекетаралық бағдарламасы әзірленеді. Қазақстаннан бұл жұмысқа «Қазақстандық автоматтандыру және робототехника қауымдастығы» ЗТБ қатысады.

Сондай-ақ энергетика, көлік, сыртқы сауда, бәсекелестік және техникалық реттеу саласындағы мәселелер де қаралды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті