Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда жаңа мектептер ашылып, педагогтарды қолдау бағдарламалары кеңейтіліп келеді

Алматыда жаңа мектептер ашылып, педагогтарды қолдау бағдарламалары кеңейтіліп келеді
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда Мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Қала әкімі Дархан Сатыбалды құттықтау сөзінде ұстаздардың ел дамуындағы айрықша рөлін атап өтіп, жас ұрпақты тәрбиелеудегі адалдығы үшін педагогтарға алғыс білдірді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұл күні біз балаларға жол сілтеп, білім беріп, өмірлік бағыт-бағдар табуға көмектесетін жандарға шынайы алғыс білдіреміз. Ұстаз мәртебесі біз үшін қашанда ерекше», – деді әкім.

Білім беру саласында қауіпсіз орта қалыптастыруға ерекше назар аударылып отыр. Әкімнің айтуынша, Алматыда мектеп психологтарының жұмысы күшейтіліп, балалардың құқығын қорғау және психологиялық қолдау орталықтары ашылды.

«Әр баланың дауысы ескерілуі маңызды. Біз тек бірлескен күш-жігердің арқасында әр оқушы өзін қауіпсіз сезінетін әрі қолдау табатынына сенімді болатын орта құра аламыз», – деп атап өтті Дархан Сатыбалды.

Әкім мектеп инфрақұрылымын дамытуға да тоқталды. Мұғалімдер күні қарсаңында Алматыда «Келешек мектептері» жобасы аясында бес жаңа мектеп ашылды. Жыл соңына дейін тағы алтауы іске қосылады. Жалпы қалада 20 заманауи білім беру мекемесі пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Бұдан бөлек, «1300 мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Оның аясында 2027 жылға дейін 31 білім ордасы толық жаңғыртудан өтпек.

«Біз әрқашан педагогтарды қолдаймыз. Алматыда төртінші жыл қатарынан «Алматы Ұстазы» байқауы өтуде. Бұл кәсіби дамуға және тәжірибе алмасуға арналған алаңға айналды. Үздік ұстаздар Финляндия, Сингапур, Эстония сынды алдыңғы қатарлы елдердің мектептерінде тағылымдамадан өтіп жүр. Биыл бұл тізімге Қытай Халық Республикасы да қосылды», – деді қала әкімі.

Салтанатты іс-шараның мерекелік көңіл-күйін концерттік бағдарламалар толықтырды. Сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздары, шығармашыл жастар ұжымдары мен мектеп ансамбльдері өнер көрсетіп, ұстаздарға арнап ән мен би тарту етті.

Іс-шара барысында марапаттау рәсімі өтті. Қаланың үздік ұстаздары Алматы әкімі атынан жоғары кәсібилігі, мамандығына адалдығы және білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін құрмет грамоталары мен алғыс хаттарға ие болды. Бірқатар мұғалімге төсбелгі мен құнды сыйлық табыс етілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті