Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Отандық SCAT Airlines 2026 жылы көктемде Латвияға ұша бастайды

Отандық SCAT Airlines 2026 жылы көктемде Латвияға ұша бастайды

2025 жылғы 1 қазанда Алматы қаласында Қазақстан мен Латвияның іскер топтарының 50-ге жуық өкілінің қатысуымен Қазақстан – Латвия бизнес-форумы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Форум барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселесі екіжақты қаралды. Қазақстан мен Латвия арасындағы көліктің барлық салаларындағы ынтымақтастықтың оң динамикасы атап өтілді. Мәселен, Қазақстаннан жүктерді Латвияның Рига, Вентспилс және Лиепа порттары арқылы транзитпен экспорттау Орталық Азия мен Еуропа арасындағы логистикалық желіде шешуші рөл атқарады. Әуе қатынасын кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

2026 жылдың көктемінде SCAT Airlines Қазақстан мен Латвия арасында тікелей рейс ашатыны белгілі болды. Бұл қадам жолаушылар тасымалын жеңілдетеді, іскерлік және мәдени байланыстарды нығайтады, жобаларды жүзеге асыруды жеделдетеді, туризм мен бизнесті дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Тараптар сондай-ақ жүк тасымалы өсімінің дәлелі ретінде теміржол ынтымақтастығының жоғары әлеуетіне тоқталып, тікелей әуе қатынасы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтудағы маңызды қадам болатынына сенім білдірді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті