Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент: су айдындарындағы қауіпсіздікті сақтау шаралары түсіндірілуде

Шымкент: су айдындарындағы қауіпсіздікті сақтау шаралары түсіндірілуде
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығының» мамандары «Birgemiz Umit» жобасы аясында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесе отырып шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шара барысында «Жастар ресурстық орталығының» мамандары мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері арнайы суға шомылу орындарына барып, жасөспірімдер мен өзге де азаматтарға суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік шараларын, көлдерде, тоғандар мен басқа да су орындарында шомылудың қауіптері туралы түсіндірді. Сонымен қатар, арнайы жадынамалар мен үнпарақшалар таратылып, ескерту тақтайшалары орнатылды.

Жалпы, төтенше жағдайлардың алдын алу, оның ішінде өрт қауіпсіздігі, улы газдан улану, суға түсу маусымында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қала аумағында түрлі кездесулер, рейдтер және т.б. іс-шаралар ұйымдастырылуда. Білім беру ұйымдарында оқушылармен түрлі тақырыптық кездесулер өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Оқушыларға оқыс оқиға орын алған жағдайдағы әрекет ету амалдары, төтенше жағдай кезіндегі ережелер, олардың іс-қимылы, алғашқы көмек көрсету мәселелері сияқты қарапайым ережелер түсіндірілуде.Шымкент қаласында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шомылуға арналған арнайы 5 орын белгіленген. Оның үшеуінде шомылуға рұқсат етілген. Одан бөлек, қала аумағында 20-ға жуық аквапарктер мен бассейндер шомылу маусымында тұрғындарға қызмет көрсетуде.

2025 жылы қалада шомылу маусымының қауіпсіз өтуін және тұрғындармен су айдындарындағы ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Олар:

– төтенше жағдайлар, жергілікті полиция қызметімен тұрақты рейдтер жүргізу;

– қауіпті және жабдықталмаған су айдындарында ескерту белгілерін орнату;

–суға түсуге тыйым салынған орындарда балалардың қараусыз жүруіне жол бермеу және олардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту;

– балаларды жүзуге үйрету бойынша арнайы оқыту курстарын ұйымдастыру және т.б.

Шомылу маусымының қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету және жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдар волонтерлармен бірлесе отырып үгіт-насихат жұмыстарын тұрақты түрде жалғастыратын болады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі