Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада түнгі уақытта жүрген жасөспірімдерді анықтау бойынша профилактикалық рейд өтті

Астанада түнгі уақытта жүрген жасөспірімдерді анықтау бойынша профилактикалық рейд өтті
Фото: Polisia.kz

Елордадағы Сарайшық ауданының көпшілік көп шоғырланатын аумақтарында түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша профилактикалық рейд өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында өткізілген рейдке депутаттар, Астана қаласы және Сарайшық ауданы бойынша кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияның мүшелері, аудан әкімдігі мен полиция басқармасының және аудан прокуратурасының өкілдері қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай рейдтер тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Бұған дейін «Назар аударыңыз, балалар», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілсе, бұл жолы «Учаске» іс-шарасы ұйымдастырылып отыр.

«Сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтар, ойын-сауық кешендері тексеріледі. Балалар мен жасөспірімдер мұндай жерлерде ата-анасыз жүргені үшін ҚР Әкімшілік кодекстің 442-бабы 1-тармағымен хаттама толтырылады. Сондай-ақ осы орындардың иесіне немесе әкімшілері де жауапкершілікке тартылады.Түнгі сағат 23.00-ден кейін балалар ата-аналарынсыз көшеде немесе аулаларда жүрсе, жоғарыда аталған баптың 2-тармағымен хаттама толтырылып, түсіндірме жүргізіледі.Рейд күні бізге 20-20-ке дейін бала жеткізіледі. 7-8 бала күнделікті жеткізіліп тұрады деуге болады. Оларға әуелі ескерту беріліп, бір жылдың ішінде қайталанса, айыппұл салынады», - деді Сарайшық ауданы полиция басқармасының ювеналдық полиция тобының учаскелік полиция инспекторы Ақбота Мағзумова.

Оның айтуынша Сарайшық ауданы полиция басқармасының ювеналдық полиция тобында тіркеуде 14 кәмелетке толмаған жасөспірім бар.

«8 сәуір мен 1 қыркүйек аралығындағы есепті кезеңде кәмелетке толмағандар 12 қылмыс жасады. Ал кәмелетке толмағандарға қатысты 17 қылмыс тіркелді. 36 жасөспірім әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді спикер.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді