Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу полицейлері әлеуметтік желілер арқылы алаяқтық жасаған күдіктіні құрықтады

Жетісу полицейлері әлеуметтік желілер арқылы алаяқтық жасаған күдіктіні құрықтады
Фото: pixabay.com

Жетісу полицейлері әлеуметтік желілер арқылы алаяқтық жасаған күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұсталған 34 жастағы ер адам әзірге алаяқтықтың 5 дерегі бойынша күдікке ілінді. Тергеу кезінде күдікті азаматқа Талдықорған қалалық соты қамауда ұстауға санкция берді.

– Күдікті Алматының тұрғыны. Тергеу материалдарында әзірге талдықорғандық бес жәбірленуші бар. Ер адам қылмыстық мақсатта құрылыс материалдары мен түрлі дәнді дақылдарды сатып алу, сатуды жүзеге асыратын түрлі қосымшаларды қолданғаны анықталды. Яғни түрлі келіссөз барысында ол сатып алушы, делдал және сатушы ретінде әрекет етті. Бес дерек бойынша жалпы шығын 2 млн теңгеден асты, – деді Талдықорған қалалық ПБ бастығының орынбасары Данияр Қабжасаров.

Тергеу барысында ұсталған адамның алаяқтыққа байланысты басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Полиция азаматтарды интернет кеңістікте қаржылық мәмілелер жасасу кезінде сақ болуға шақырады. Сөйлесудің заңдылығына күмәндансаңыз, құқық қорғау органдарына дереу хабарласуыңыз қажет. Осы жылы өңірде интернет-алаяқтықтың 400-ден астам фактісі тіркелді. Алаяқтардың құрбандары әртүрлі жастағы және кәсіптегі адамдар, соның ішінде қаржылық операцияларда тәжірибесі бар адамдар, кәсіпкерлер мен қаржыгерлер болуы мүмкін.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті