Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада жастардың психикалық саулығын қолдау үшін 11 орталық жұмыс істейді

Елордада жастардың психикалық саулығын қолдау үшін 11 орталық жұмыс істейді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада кәмелетке толмағандар арасында өміріне қауіпті әрекеттердің алдын алу және болдырмау бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Мониторингті қалалық психикалық денсаулық орталығы медициналық ұйымдармен бірлесе жүзеге асырып отыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Талдау көрсеткендей, мұндай жағдайлар көбінесе отбасындағы немесе достар арасындағы жанжалдарға байланысты болады. Қалалық психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Елена Полиенконың айтуынша, мұндай әрекеттер ата-ананың не мұғалімдердің назарын аудартуға немесе қарсылық білдіруге тырысудан туындайды.Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова Астанада мұндай оқиғалардың алдын алу шаралары күшейтіліп, профилактикаға қатысты тәсілдердің түзетілгенін атап өтті.

Жастардың 10-нан 29 жасқа дейінгі психикалық саулығын қорғау үшін елордада 11 жастар орталығы жұмыс істейді. Олар емханалар базасында («№2 қалалық емхана», «№3 қалалық емхана», «№4 қалалық емхана», «№5 қалалық емхана», «№6 қалалық емхана», «№8 қалалық емхана», «№9 қалалық емхана», «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығы», «Astana Clinic» ЖШС, «Салауатты астана» ЖШС, «City» емханасы ЖШС) ашылған. Мұнда 82 психолог көмек көрсетеді.Сонымен қатар, жедел қолдауды Қалалық психикалық денсаулық орталығының мамандары психиатриялық бөлімшедегі кабинеттерде және тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефоны арқылы (54-76-03) көрсетеді.Астанадағы профилактикалық жұмыс мектептерден бастап емханалар мен арнайы орталықтарға дейінгі барлық деңгейді қамтиды. Негізгі мақсат – тәуекел тобына жататын балалар мен жастарды дер кезінде анықтап, оларды кешенді қолдаумен қамтамасыз ету.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті