Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Астана-Қарағанды тасжолының Б.Момышұлы даңғылынан А-135 көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Осыған байланысты 24 қыркүйек пен 2 қазан аралығында көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жол қозғалысын алдын ала жоспарлауы және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.