Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанадағы JolTap жобасы екі жылда 15 мың адамды заманауи мамандыққа оқытты

Астанадағы JolTap жобасы екі жылда 15 мың адамды заманауи мамандыққа оқытты
Фото: Астана қ.әкімдігі

«Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктері арқылы жүзеге асатын JolTap жобасы екі жыл ішінде мыңдаған қала тұрғынына жаңа кәсіп игеруге жол ашты. Курстарға қатысушылардың айтуынша, теориядан гөрі практикалық дағдыларға ерекше мән беріледі. Елорда әкімдігінің қолдауымен жүзеге асып жатқан JolTap қысқа мерзімді курстары еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды тәжірибе арқылы үйретіп келеді. Жоба түлектерінің бірі Гүлназ Мырзашова алған білімін жұмысында тиімді қолданып жүр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Бұл жоба туралы елордадағы «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктеріне барып, мамандардан сұрап-білдім. Олар маған курстар туралы жан-жақты мағлұмат берді. Содан мен мобилография курсына жазылдым», - деді 32 жастағы тұрғын.

Оның айтуынша, курсқа жазылған соң оқу көп кешікпей басталған.

«Оқытушылар – сол салада жұмыс істейтін тәжірибелі мамандар. Олар мобилография бойынша қажетті ақпараттарды айтып түсіндіріп берді. Кейін теорияны практика жүзінде көрсетті. Бастысы мұнда мамандық бойынша қажетті дағдыларды үйретті. Мәселен, видео түсіру, дизайн жасау. Жалпы сабақтар өте қызықты өтті», - деп бөлісті жобаға қатысушысы.32 жастағы келіншек былтыр «Мобилография», биыл «Графикалық дизайн», «Контент-крэйтор» курстарын оқыған.«Мен жекеменшік агенттікте жұмыс істеймін. Бұрын сторисмэйкер болып қызмет еттім. Қазір директор лауазымындамын.Өздеріңіз білесіздер, қызметкерлерге тапсырма берген уақытта өзіңіз де сол саланы жақсы біліп тұруыңыз қажет. Әлеуметтік желіге Reels-тер түсіреміз. Оларға әртүрлі бағытта обложка жасауымыз қажет. Сондықтан осы курстарды оқыдым.Жұмысыма пайдасы тиіп жатыр. Осы орайда жоба ұйымдастырушыларына алғысымды білдіргім келеді», - деп сөзін түйіндеді Гүлнәз Асқарқызы.

Екі жыл ішінде қаладағы «Баршаға Мүмкіндік» модульдік пунктерінде 34 мыңнан астам адам кеңес алды. Ал 15 мыңнан астам азамат тегін оқудан өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті