Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен қолға алынған JOLTAP жобасы қазір елордалықтар арасында кеңінен танылып отыр. Аталған жоба арқылы тегін курс оқып, кәсіби дағдыларын табыс көзіне айналдырып жатқан тұрғындардың қарасы көп. Солардың бірі Анжела Қожниязова JOLTAP жобасында үш бағыт бойынша қысқа мерзімді курс оқып, жаңа мамандықтарды игерді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
JOLTAP жобасының аясында «Freelance мүмкіндік» деп аталатын бағдарлама нарықта сұранысқа ие және танымал цифрлық дағдыларды оқытуға бағытталған. Бағдарламадан курс қатысушылары SMM, таргет, видеография, мобилография, графикалық дизайн, маркетплейс, сайттарды әзірлеу сияқты сегіз базалық біліктілікті игеріп шығады.
Ол қала тұрғындарына осындай теңдессіз мүмкіндік беріп отырған жобаның тиімділігін жоғары бағалады. Сондай-ақ, жоба ұйымдастырушыларына сапалы білім бергендері үшін зор алғыс білдірді.
JOLTAP жобасы аясында жоғарыда аталған бағдарламадан бөлек, тігінші, кассир сияқты сауда, құрылыс және қызмет көрсету салаларына білікті жұмысшы мамандарды дайындайтын тегін қысқа мерзімді курстар да бар. Сондай-ақ, көпшілік шоғырланатын жерлерде орналасқан «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктері азаматтарға тұрғын үй бағдарламалары, бизнес гранттары, әлеуметтік көмектер және жұмысқа орналасу туралы да ақпараттар береді.Айта кетейік, JOLTAP қысқа мерзімді оқыту бағдарламасы 18-50 жас аралығындағы Астана тұрғындары үшін қолжетімді. Оқудан кейін қатысушыларға сертификат беріледі.Ал түлектердің кандидатуралары JUMYS TAP Telegram-ботында тегін жарнамаланатын болады. Толық ақпаратты call-орталықтың нөмірі бойынша білуге болады: +7 (707) 221 31-31.