Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Полиция департаментіне барып, ғимараттардағы жөндеу жұмыстарын және жергілікті бюджет есебінен алынған заманауи техниканы көрді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар ол Жедел басқару орталығының жұмысымен танысты. Мұнда 28 қызметкер тәулік бойы еңбек етеді. Жүйеге 53 мың камера қосылған, олардың ішінде бет-әлпетті тану технологиясы бар құрылғылар да бар. Мұндай жүйелер құқық бұзушылықтың алдын алу үшін қолданылады.Сонымен қатар жыл соңына дейін Targe платформасына қосымша 8 мың камераны қосу жоспарланған. Бұл бейнебақылау желісін кеңейтуге мүмкіндік береді,-делінген хабарда.Алматы әкімі полицияның материалдық-техникалық базасын нығайтудың және қала тұрғындарының құқық қорғау органдарына деген сенімін арттырудың маңыздылығын атап өтті.