Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысында полицейлер гастролер-ұрыны ұстады

Қарағанды облысында полицейлер гастролер-ұрыны ұстады
Фото: Polisia.kz

Қарағанды облысында полицейлер гастролер-ұрыны ұстады, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкерлері Алматы қаласында Шымкенттің 20 жастағы тұрғынын құрықтады. Ол еліміздің бірнеше өңірінде жасалған ұрлық қылмыстарына қатысы бар деген күдікке ілінді. Алдын ала деректер бойынша, күдікті Қарағандыдағы сауда орталықтарының біріндегі зергерлік дүкеннен әшекей бұйымдарды және жергілікті мешіттердің бірінен қолсөмкені ұрлаған. Келтірілген материалдық шығын көлемі 800 мың теңгеге бағалануда. Тергеу кезінде ол Астана мен Алматы қалаларындағы мешіттерде жасалған тағы екі ұрлық дерегін мойындады. Бұл оның әртүрлі өңірлерде қылмыстық әрекетпен жүйелі түрде айналысқанын көрсетеді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер ұрланған мүлікті анықтау және тәркілеу бойынша шаралар қабылдауда, сондай-ақ күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады