Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Роман Скляр Түркиялық және қазақстандық бизнесмендер қауымдастығының өкілдерімен кездесу өткізді

Роман Скляр Түркиялық және қазақстандық бизнесмендер қауымдастығының өкілдерімен кездесу өткізді
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Түркиялық және қазақстандық бизнесмендер қауымдастығының (ТУКИБ) басшылығымен және мүшелерімен кездесу өткізді. Онда бизнесті жүргізу және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысты өзекті мәселелер, сондай-ақ одан арғы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Роман Скляр Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастар стратегиялық басымдыққа ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, Түркия – Қазақстанның негізгі серіктестерінің бірі, ал түрік инвестициялары технологиялар трансфертіне, өнеркәсіптің дамуына және жұмыс орындарының ашылуына зор ықпал етуде.

Өз кезегінде ТУКИБ Басқарма кеңесінің төрағасы Аббас Шахин қауымдастық Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға және Қазақстан аумағында жүзеге асырылып жатқан бірлескен жобаларды қолдауға белсенді түрде үлес қоса беретінін жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бизнес жүргізу жағдайларын жақсарту және жаңа жобаларды жүзеге асыру бойынша конструктивті диалог пен бірлескен жұмысты жалғастыра беруге дайын екендерін білдірді.

 

Анықтама үшін:

Түркиялық және қазақстандық бизнесмендер қауымдастығы (ТУКИБ) 2016 жылы құрылған және екі елдің ірі компанияларын біріктіреді. Олардың қатарында: Alarko Holding, Anadolu Group (Efes Kazakhstan, Coca Cola), Aksa Energy, Borusan Kazakhstan, Esan Kazakhstan (Eczacıbaşı Holding), Turkish Airlines, YDA Holding, TAV Kazakhstan, Corex Holding және басқалар бар. Қауымдастық Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға және инвестициялық климатты жақсартуға ықпал етеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады