Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Армия резерві: 300-ден аса запастағы әскери қызметші әскери жиынға қатысып жатыр

Армия резерві: 300-ден аса запастағы әскери қызметші әскери жиынға қатысып жатыр
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

"Мәтібұлақ" полигонында әскери міндеттілермен жиын өтуде. Іс-шаралар Гвардейск гарнизоны 22326 әскери бөлімінің базасында Алматы, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласынан келген әскери міндеттілерге ұйымдастырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Жиынға бұрын мерзімді әскери қызмет өткерген 370-тен астам қазақстандық қатысып жатыр. Іс-шаралар әскери дайындалған ресурстарды дайындауға және жинақтауға, әскери дайындықтан өткен қажетті резервті әзір ұстауға, сондай-ақ қажет болған жағдайда жауынгерлік қолдануға дайындықты қамтамасыз етуге бағытталған.

– Оқу жиыны бір айға созылады. Оқытудағы басты назар практикалық сабақтарға аударылады. Әскери міндеттілер тактикалық, атыс және саптық дайындық дағдыларын жетілдіріп, бөлімшелер құрамында іс-қимылдарды пысықтап, бірыңғай сапта жұмыс істеуді үйренеді, – деп түсіндірді жиын жетекшісі, Гвардейск гарнизонының бастығы полковник Файзулла Досанов.

Барлық қатысушылар бақылау сынақтары мен емтихандардан өтеді. Бағдарламаны өзінің әскери-есептік мамандығы бойынша сәтті меңгерген әскери міндеттілерге кезекті әскери атақ берілетін болады.

– Әскерде борышымды өтегенмін, бірақ уақыт өте келе дағдылар ұмытылады, ал мұндай жиындар машықты қалпына келтіруге және жетілдіруге көмектеседі. Жиынға еш ойланбастан келдім. Отан алдындағы борышым – оны қорғауға дайын болу деп санаймын, – деді жиынға қатысушы Ернар Маутханов.

Жиынға қатысушылар барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілген. Әскери бөлімге дейін және кері қайту жолындағы уақытпен қоса, жиын өтетін барлық кезеңде әскери міндеттілердің жұмыс орындары мен атқаратын лауазымдары сақталады. Сонымен қатар, оларға республикалық бюджет есебінен орташа айлық жалақы төленеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті