Инвестициялар, цифрлық технологиялар және туризм Мәскеуде Алматы облысы делегациясының қатысуымен өткен бизнес-форумның негізгі тақырыптары болды. Қазақстандық тараптың сапары Мәскеу Ситуациялық орталығын аралаудан басталып, онда тараптар мегаполисті цифрлық басқару саласындағы заманауи шешімдермен танысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Абаев жиналғандарды елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерімен таныстырды. Атап айтқанда, ол инвесторлар мен сауда серіктестері үшін қазақстандық экономиканың ең тартымды салаларын атап өтті. Сонымен бірге, Елші Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Қазақстан халқына Жолдауында ірі инвестициялар тартуға айрықша назар аударғанын айтты.
Іскерлік диалог аясында сауда-экономикалық байланыстар мен өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту перспективалары, цифрлық трансформация мәселелері, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдау талқыланды.Қазақстан сыртқы сауда айналымының көлемі бойынша Мәскеудің ірі бес серіктесінің қатарына кіреді. 2024 жылы бұл көрсеткіш шамамен 9 млрд АҚШ долларына жетті. Ресей астанасы үкіметінің мәліметінше, Мәскеу Қазақстанмен жоғары технологиялар және креативті индустриялар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі.Мәскеу қаласы Үкіметінің министрі Сергей Черёмин Ресей астанасының инвестициялық орталық ретіндегі маңыздылығын атап өтті:
Қазақстандық тарап цифрлық технологиялар саласындағы табысты жобаларды таныстырды — қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелері, сондай-ақ Алматы облысының «цифрлық егіз» жобасы. Бұдан бөлек, қонаевтық Alatau Hub инновациялық орталығының мүмкіндіктері мәскеулік компанияларға ұсынылды.Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Жандос Ақыл атап өтті:
Форум аясында туризмді дамытуға да ерекше назар аударылды. Мәскеу билігі өзара туристік бизнес-миссияларды ұйымдастыруға дайын екенін білдірді. Қазақстандық тарап өңірдің бай туристік әлеуетін таныстырды. Оның ішінде үш ұлттық парк — Көлсай, Іле-Алатау және Шарын шатқалы, сондай-ақ тау-шаңғы курорттары бар.Алматы облысының туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мирамбекұлы атап өтті:
Форум ұйымдастырушылары Мәскеумен тәжірибе алмасу бірлескен жобаларды жүзеге асыруға маңызды серпін беретінін атап өтті. Биылғы жылдың күзінде Астана мен Алматыда «Мәскеу күндерін» өткізу жоспарланып отыр.