Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ташкенттегі қазақстандық сауда миссиясы бизнеске $44,1 млн әкелді

Ташкенттегі қазақстандық сауда миссиясы бизнеске $44,1 млн әкелді
Фото: gov.kz

Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 20-шы отырысы қарсаңында Сауда және интеграция министрлігі «QazTrade» АҚ-мен бірлесіп 3-5 мамырда Ташкент қаласында қазақстандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілердің сауда миссиясын ұйымдастырды, деп жазады kazlenta.kz.

Іс-шараға тамақ және құрылыс өнеркәсібі, медициналық бұйымдар, IT қызметтер сияқты салалардан 26 қазақстандық компания қатысты. Іскерлік миссияға өзбек тарапынан Өзбекстан Республикасы Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің, UzTrade АҚ-ның өкілдері және 100-ден астам өзбек серіктестері келді.

Қазақстандық қатысушылар үшін сауда желілерімен, тұрмыстық және электрондық техниканың, кондитерлік бұйымдардың ірі өндірушілерімен, басқа да өнеркәсіптік кәсіпорындармен көшпелі кездесулер ұйымдастырылды.

ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Өзбекстан Қазақстанның стратегиялық сауда серіктесі болып табылатынын және біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастық екіжақты байланыстарды дамытуда, сондай-ақ өңірлік саясат пен Орталық Азия елдерімен өзара қарым-қатынасты қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«Екі ел үкіметтерінің алдында сауда көлемін $10 млрд.-қа дейін жеткізу міндеті тұр. Осы көрсеткішке қол жеткізу жөніндегі практикалық іс-қимыл жоспарының негізгі элементі «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын құру жобасы болып табылады. Ол үшінші елдердің нарықтарына экспорттауға арналған бірлескен өнімді жасау үшін «Солтүстік-Оңтүстік» Орталық Азия экономикалық дәлізінің негізгі алаңына айналуы тиіс», - деп атап өтті Қайрат Төребаев.

Қазақстанның Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов «....Ағымдағы жылдың соңғы бес айында екі мемлекет басшылары үш рет кездесті. Бұл біздің елдеріміз арасындағы сенім қатынастарының терең екендігін білдіреді... Бүгінгі таңда екі мемлекеттің ынтымақтастығы азық-түлік қауіпсіздігі мен энергетиканы қамтамасыз ету саласында дамуға тиіс. Өзбекстан Республикасының халқы қазірдің өзінде 36 миллионға жетті, бұл үлкен тұтынушылық нарық және біздің бизнес үшін үлкен мүмкіндік».

Сондай-ақ, Елші 5 мамырда өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған кезекті 20-шы үкіметаралық комиссия өтетінін атап өтті.

Өзбекстан Республикасы Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Бадриддин Абидов екі ел арасындағы қарым-қатынастың жаңа серпіні мен сипатын ерекше атап өтті.

«УзКазТрейд» бірлескен ұйымын іске қосу - екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастың жаңа кезеңі. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін өзара жеткізу мәселелерін шешудің маңызды құралы», - деп атап өтті Бадриддин Абидов.

Қазақстандық компаниялар орта мерзімді перспективада Өзбекстанға азық-түлік, құрылыс, химия, металлургия, мұнай-химия өнеркәсібі саласында  $500 млн астам соманың 100-ден астам тауар түрін қосымша жеткізуге дайын.

Сауда миссиясының қорытындысы бойынша Өзбекстанға $44,1 млн астам сомаға құрылыс материалдарын, кондитерлік өнімдерді, IT қызметтерді, сүт өнімдерін жеткізуге экспорттық келісімшарттарға қол қойылды.

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді