Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Қазақстан-Жапония бизнес форумы өтті

Астанада Қазақстан-Жапония бизнес форумы өтті
Фото: "Атамекен" ҰҚП баспасөз қызметі

Елодада Жапондық бизнес-делегацияның Қазақстан Республикасына сапары аясында GX  және DX  мүмкіндіктеріне арналған бизнес-форум өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі  "Атамекен" ҰҚП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірлескен іс-шара екі елдің бизнесі арасындағы бұрыннан бар сауда-экономикалық қатынастарға жаңа серпін береді және әлеуетті серіктестер пулын кеңейту алаңы болды.

Қазақстан-Жапония бизнес-форумының жұмысына 200-ден астам қазақстандық компания және Жапония Үкіметі мен бизнесінің 60-қа жуық өкілі қатысты.

Форумның ұйымдастырушылары Қазақстан тарапынан «Атамекен» ҰКП, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы; Жапония тарапынан – Жапонияның Ресей және жаңа тәуелсіз елдермен сауда жөніндегі қауымдастығының вице-президенті (РОТОБО), Жапония-Қазақстанның экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комитеті болды.

Жиында «Атамекен» ҚР ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов Халықаралық форумның қонақтары және қатысушыларымен сәлемдесіп, құрметті елші Джуну Ямад мырзаға елдердің екіжақты қарым-қатынасын дамытуға қосқан жеке үлесі үшін алғысын айтты.

«Жапония дәстүрлі түрде Қазақстанның Азиядағы негізгі сауда және экономикалық серіктестерінің бірі. Бүгінгі форумға іскер топтардан 200-ден астам өкілдің қатысуы серіктестігімізді растайды. Бүгінгі іс-шара Қазақстан мен Жапонияның бизнес-қауымдастықтары арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге және кеңейтуге, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бұл бастаманы қолдауға бар күшін салуға дайын», – деді Райымбек Баталов.

Өткен жылы жапондық серіктестермен бірге РОТОБО және JICA атынан түрлі іс-шаралар, соның ішінде бизнес делегациялардың өзара тәжірибе алмасуы, 2023 жылғы 1 қарашада Токиода Қазақстан мен Жапонияның үкіметтік және жеке құрылымдарының экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссиясының сегізінші отырысы ұйымдастырылғанын атап өткен жөн.

«Атамекен» ҰКП жапондық серіктестерге металды терең өңдеу, мұнай, газ, мұнай-химия салалары, туризм, экология, пайдалы қазбаларды өндіру, агроөнеркәсіп кешені және  өнеркәсіптің басқа да басым секторларында ынтымақтастық мүмкіндіктерін ұсынуға дайын. Осыған орай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді нақты индустрияландыру қажеттілігі туралы мәлімдемесін атап өткім келеді. Ал қаржы тұрғысынан орнықты жапониялық компаниялармен әріптестік қазақстандық бизнес үшін басымдықта. Ұлттық палата сенімді серіктестерге мүдделі және жобаларды сүйемелдеуде барлық қажетті қолдауды ұсынуға дайын», – деп атап өтті Ұлттық палата басшысы.

Спикердің айтуынша, Қазақстан – қолайлы бизнес ахуалы бар инвестициялық тартымдылығы жоғары ел. Экономикада жеңілдетілген салық режимі қолданылады, ұлттық заңнама үнемі жетілдіріледі, инвестициялық жеңілдіктер мен преференциялар пакеті кеңейтіліп отырады. Экономиканың басым салаларында инвестициялық жобаларды іске асыратын инвесторларға салық заңнамасының тұрақтылығы мен болжамдылығына кепілдік беріледі.

Жапонияның Ресей және жаңа тәуелсіз елдермен сауда жөніндегі қауымдастығының вице-президенті (РОТОБО), Жапония-Қазақстанның экономикалық ынтымақтастық жөніндегі іскерлік кеңесінің тең төрағасы Наоши Хиросэ Қазақстан мен Жапония арасында экономикалық қатынастар дамып келе жатқанын, олар алдағы уақытта нығая түсетінін, өйткені бұл үшін зор әлеует бар екенін атап өтті.

«Жасыл және цифрлық трансформация тақырыбына арналған форум – жер шарындағы климаттың өзгеруіне байланысты ынтымақтастығымыз үшін жаңа сала. Қоршаған ортаға пайда әкелу – адамзат үшін ортақ міндет. Осы бағытта мәселелерді шешу үшін Жапонияның озық технологиялары мен Қазақстанның әлеуетін біріктіруге болады. Алда IT-саладағы цифрлық трансформацияға ғана емес, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға қатысты жақсы бірлескен перспективалы жобалар жасалатынына сенімдімін. Сондықтан жапониялық өнеркәсіптің ноу-хауы мен Қазақстанның әлеуетін біріктіруге болады», – деді Наоши Хиросэ мырза.

Форум аясында компаниялар арасындағы ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумға қол қою рәсімі өтті. Атап айтқанда, «UranEnergo» ЖШС мен Sumitomo Corporation Power & Mobility and Furukawa Electric Power Systems арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумдар жсалды; «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен «Йокогава Электрик Қазақстан» ЖШС арасындағы өзара түсіністік және Қазақстанның сыртқы сауда палатасы мен Жапония-Қазақстан экономикалық ынтымақтастық комитеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді