Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда «Учаске» іс-шарасы кезінде 1,3 келіден астам есірткі тәркіленді

Алматыда «Учаске» іс-шарасы кезінде 1,3 келіден астам есірткі тәркіленді
Фото: Polisia.kz

Алматыда республикалық «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Түрксіб аудандық полиция қызметкерлері ірі көлемдегі есірткіні тәркіледі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарына қаладағы қонақ үйлердің бірінде тыйым салынған заттар сақталуы мүмкін деген ақпарат түскен. Тексеру кезінде тәртіп сақшылары өзіне тән иісі бар, ақшыл түсті ұнтақ салынған бірнеше түйіншекті анықтап, тәркіледі. Сонымен қатар күдіктінің көлігінен де дәл осындай бір байлам табылды.

Тәркіленген заттың жалпы салмағы 1,3 келіден асты. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.

– «Учаске» іс-шарасының басты мақсаты – азаматтарды қылмыстық әрекеттерден қорғау және қоғамдық тәртіпті нығайту, – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Полиция тұрғындарды есірткінің заңсыз айналымы туралы кез келген мәліметті дер кезінде хабарлауға шақырады және заңда қарастырылған жауапкершілікті еске салады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді